Четверг, 01 Октября 2026

ІЛЕ ЖАСТАРЫ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ

ІЛЕ ЖАСТАРЫ РЕФЕРЕНДУМДЫ  ҚОЛДАЙДЫ

Бүгін Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы «Экономика және құқықтану» колледжінде Жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндіру, ондағы өзгерістердің ел болашағына әсерін қоғамның белсенді бөлігі болып саналатын жастарға жан-жақты жеткізу мақсатында студенттер және мұғалімдермен кездесуі өтті. Кездесуге облыстық және аудандық коалиция мүшелері қатысты.

Жалпыұлттық коалиция мүшелері Конституция жобасына енгізіліп отырған негізгі өзгерістер мен толықтыруларды жан-жақты түсіндіріп, олардың қоғамды демократияландыруға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты кепілдендіруге бағытталғанын атап өтті.

Референдумға ұсынылған өзгерістер мемлекеттік басқаруды заманауи талаптарға сәйкестендіруге, сот және құқық қорғау салаларының жұмысын күшейтуге, адами капиталды нығайтуға, сондай-ақ гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталған. «Отбасы – қоғамның берік негізі. Гендерлік теңдік те осы негізді нығайтуға қызмет етуі тиіс. Ер мен әйелдің тең мүмкіндігі отбасындағы татулықты, тәрбиенің сапасын және қоғамдағы үйлесімділікті арттырады. Азаматтық неке, ата-ана жауапкершілігі, бала тәрбиесі – бәрі де мемлекет дамуына тікелей ықпал ететін маңызды ұғымдар».

Коалиция мүшелері мұндай ашық диалог алаңдарының азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және елдің болашағына бағытталған реформаларды терең түсінуге зор мүмкіндік беретінін атап өтті.

Айта кету керек, 15 наурызда Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдум өтеді.

Другие новости

Определены ключевые задачи региона

Определены ключевые задачи региона

Очередная 56-я сессия областного маслихата состоял...

  30.09.2026   124
Казахстан – лидер Центральной Азии в Глобальном индексе инноваций 2026

Казахстан – лидер Центральной Азии в Глобальном индексе инноваций 2026

Казахстан поднялся на восемь позиций и занял 73-е...

  30.09.2026   113
В Астане страны Центральной Азии и США обсудили сотрудничество в сфере ИИ и цифровых технологий

В Астане страны Центральной Азии и США обсудили сотрудничество в сфере ИИ и цифровых технологий

29 сентября в Астане начала работу конференция C5+...

  29.09.2026   187
В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана

В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана

Астана, 28 сентября 2026 года — В столице состояло...

  29.09.2026   148
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.