Вторник, 03 Марта 2026

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ АЙЗЕРЕ САУДА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ АЙЗЕРЕ САУДА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Талғар ауданындағы «Айзере» сауда орталығының ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасын талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның негізгі ерекшеліктері – адамды ең жоғары құндылық ретінде бекіту, әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, еңбек құқықтарын қорғау, цифрлық қауіпсіздік, дәстүрлі отбасы құндылықтарын нығайту мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ билік тармақтарының теңгерімі, бір палаталы Парламент құру, Вице-Президент институтын енгізу сияқты саяси жаңашылдықтар туралы айтып берді.

«Жаңа Конституция – еліміздің тұрақты дамуының берік негізі. Бұл – тек заңдар жинағы емес, біздің ортақ болашағымыздың айнасы», – деді коалиция мүшесі Сарипов Айдар. 
Жиналғандар өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Кездесу соңында ұжым атынан коалиция өкілдеріне алғыс білдіріліп, референдумға белсене қатысуға дайын екендіктері жеткізілді.

Коалиция ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырады.

Другие новости

Удостоверение в дорогу

Удостоверение в дорогу

В середине марта, наверняка, кто-то не сможет прог...

  03.03.2026   82
Коалиция мүшелері «АЛАТАУ» тігін цехының  еңбек ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері «АЛАТАУ» тігін цехының еңбек ұжымымен кездесті

Жамбыл облысы Ұзынағаш ауылындағы «АЛАТАУ» тігін ц...

  03.03.2026   84
КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ Ю.ГАГАРИН АТЫНДАҒЫ №16 ОРТА МЕКТЕП  ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ Ю.ГАГАРИН АТЫНДАҒЫ №16 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  03.03.2026   75
КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ АҚ ХАЛАТТЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ АҚ ХАЛАТТЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  03.03.2026   73
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.