Вторник, 03 Марта 2026

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Ақсай ауылындағы «Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану, реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қаскелең орман шаруашылығы» коммуналдық мемлкеттік мекемесінің ұжымымен  кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның адамға бағдарланған сипаты, әлеуметтік кепілдіктердің сақталуы, еңбек құқықтары, цифрлық қауіпсіздік және дәстүрлі отбасы құндылықтарын қорғау мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, алдағы референдумның маңыздылығын атап өтті.

«Жаңа Конституция – біздің ортақ болашағымыздың негізі. Әрбір азаматтың референдумға қатысып, дауыс беруі – еліміздің даму жолына қосқан үлесі», – деді коалиция мүшесі Нұрлан Түймелиев.

Ұжым өкілдері жаңа Конституция жобасымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алғандарына алғыстарын айтты.

Жалпыұлттық коалиция ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, еліміздің түкпір-түкпірінде осындай кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Другие новости

Коалиция мүшелері Каракастек тұрғындарымен кездесті

Коалиция мүшелері Каракастек тұрғындарымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  03.03.2026   1
ІЛЕ АУДАНЫНДАҒЫ «ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫ» ЕҢБЕК ҰЖЫМЫ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ҚОЛДАЙДЫ

ІЛЕ АУДАНЫНДАҒЫ «ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫ» ЕҢБЕК ҰЖЫМЫ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ҚОЛДАЙДЫ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  03.03.2026   51
«ЖАНҰЯ» ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ РЕФЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ

«ЖАНҰЯ» ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ РЕФЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  03.03.2026   48
Удостоверение в дорогу

Удостоверение в дорогу

В середине марта, наверняка, кто-то не сможет прог...

  03.03.2026   84
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.