Вторник, 03 Марта 2026

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ АҚ ХАЛАТТЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ АҚ ХАЛАТТЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Ақсай ауылы «Бастапқы медициналық санитариялық қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесуде 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылды. Коалиция мүшелері Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені жаңа редакцияда нақты бекітілетінін және азаматтардың заңда белгіленген тәртіппен ақы алынбай медициналық көмек алуға құқығы сақталатынын атап өтті.

Сонымен қатар жобаға сәйкес Президент бір реттік жеті жылдық мерзімге сайланатыны және бұл норма өзгертілмейтін қағида ретінде бекітілетіні айтылды.

«Жаңа Конституция – әлеуметтік міндеттемелерді нақтылайтын, билікті институционалдық тұрғыдан шектейтін құжат. Денсаулық сақтау саласының кепілдіктері сақталады, ал Конституциялық Сот заңдардың Негізгі заңға сәйкестігін бақылап отырады. Бұл – құқық үстемдігін қамтамасыз ететін жүйелі реформа», – деді коалиция мүшесі Тлеукен Отыншықызы.

Медицина қызметкерлері кездесуге белсенді қатысып, сұрақтарына жауап алды.

Другие новости

ІЛЕ АУДАНЫНДАҒЫ «ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫ» ЕҢБЕК ҰЖЫМЫ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ҚОЛДАЙДЫ

ІЛЕ АУДАНЫНДАҒЫ «ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫ» ЕҢБЕК ҰЖЫМЫ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ҚОЛДАЙДЫ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  03.03.2026   47
«ЖАНҰЯ» ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ РЕФЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ

«ЖАНҰЯ» ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ РЕФЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  03.03.2026   45
Удостоверение в дорогу

Удостоверение в дорогу

В середине марта, наверняка, кто-то не сможет прог...

  03.03.2026   84
Коалиция мүшелері «АЛАТАУ» тігін цехының  еңбек ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері «АЛАТАУ» тігін цехының еңбек ұжымымен кездесті

Жамбыл облысы Ұзынағаш ауылындағы «АЛАТАУ» тігін ц...

  03.03.2026   85
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.