Среда, 04 Марта 2026

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ №20 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ №20 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Ащыбұлақ ауылдық округі М.Түймебаев ауылындағы педагогикалық ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасының саяси реформаларын таныстырды.

Кездесуде болашақ бір палаталы Құрылтайдың толық құрамы пропорционалды сайлау жүйесі арқылы қалыптастырылатыны және заң шығару билігі толығымен сайланған депутаттардың құзыретінде болатыны айтылды.

«Бір палаталы Құрылтай – бұл жай атау өзгерісі емес. Бұл – заң шығару үдерісін барынша ашық әрі түсінікті етуге бағытталған құрылымдық реформа. 145 депутат толықтай сайлау арқылы қалыптасады. Президент депутаттарды тағайындау құқығынан айырылады. Бұл заң шығарушы органның тәуелсіздігін күшейтіп, саяси жауапкершілікті нақтылайды», – деді коалиция мүшесі Тлеукен Отыншықызы.

Кездесу барысында ұстаздар сұрақ қойып, жан-жақты жауап алды.

Другие новости

Дихан негізгі орта мектебінің ұжымында Конституциялық реформа талқыланды

Дихан негізгі орта мектебінің ұжымында Конституциялық реформа талқыланды

Дихан ауылындағы Дихан негізгі орта  мектебін...

  04.03.2026   65
Коалиция өкілдері Қонаев мектебінің ұжымымен жүздесті

Коалиция өкілдері Қонаев мектебінің ұжымымен жүздесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  04.03.2026   52
Коалиция мүшелері И. Саттаров атындағы орта мектебінің ұжымымен кездесу өткізді

Коалиция мүшелері И. Саттаров атындағы орта мектебінің ұжымымен кездесу өткізді

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  04.03.2026   59
Коалиция мүшелері  Островский мектебінің ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері Островский мектебінің ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  04.03.2026   58
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.