Среда, 07 Октября 2026

Коалиция мүшелері Островский мектебінің ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері  Островский мектебінің ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Бәйдібек би ауылындағы Островский мектебінің педагогикалық ұжымымен және Бәйдібек би  ауылының тұрғындарымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады.

Жиында 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді. Коалиция мүшелері Президенттің бір реттік жеті жылдық мерзімі, партия мүшелігіне шектеу, кадрлық шешімдерді Құрылтай келісімімен қабылдау және билік тармақтарының теңгерімі мәселелеріне тоқталды.

Коалиция мүшесі Абитов Ерік реформаның мәнін кеңінен тарқатты.

«Жаңа Конституция жобасы билікті күшейтуге емес, оны шектеуге бағытталған. Президент бір рет қана жеті жылға сайланады және бұл норма өзгертілмейтін қағида ретінде бекітіледі. Өкілеттік кезеңінде партия мүшесі бола алмайды, ал жақын туыстары саяси мемлекеттік қызмет атқара алмайды. Бұл – биліктің бір қолға шоғырлануына жол бермейтін нақты құқықтық тосқауылдар. Сонымен қатар заң шығару билігі толықтай сайланған Құрылтайға беріледі. Бұл – халық еркінің тікелей көрінісі», – деді ол.

Тұрғындар референдумның ел болашағы үшін маңызын атап өтті.

Другие новости

Новый этап большого производства

Новый этап большого производства

В Уйгурском районе состоялось знаковое событие для...

  07.10.2026   132
От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От энергии разрушения - к спасению жизней. Трудно...

  07.10.2026   101
Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Мади Азбергенов объяснил, как вырабатывается элект...

  07.10.2026   92
Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство атомной электростанции в Казахстане...

  07.10.2026   93
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.