Четверг, 08 Октября 2026

«Ұстаз – білімнің шамшырағы»: «Әділет» партиясы педагогтерге құрмет көрсетті

«Ұстаз – білімнің шамшырағы»: «Әділет» партиясы педагогтерге құрмет көрсетті

Қонаев қаласында «Әділет» партиясы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен Мұғалімдер күніне арналған «Ұстаз – білімнің шамшырағы» атты салтанатты шара өтті.

Мерекелік жиынға Алматы облысының қала-аудандарынан келген ұстаздар, білім беру саласының өкілдері мен партия мүшелері қатысты. Шара барысында өңірдің әр ауданынан жиналған 150-ге жуық педагогтің еңбегі еленіп, марапаттар табысталды.

Бірқатар ұстаз Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар педагогтерге «Әділет» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Данияр Қасқарауовтың Алғыс хаттары табысталды.

Министрдің Алғыс хаттары білім беру саласын дамытуға, өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге, оқу-тәрбие процесін жетілдіруге қосқан үлесі, кәсіби шеберлігі мен педагогикалық қызметтегі белсенділігі үшін берілді.

Салтанатты жиында Данияр Қасқарауов ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, мұғалім еңбегінің жас ұрпақтың қалыптасуындағы маңызына тоқталды.

«Еліміздің болашағы білімді әрі бәсекеге қабілетті ұрпаққа байланысты. Ал сол ұрпақтың қалыптасуына тікелей үлес қосып отырған – ұстаздар. Қазіргі заман ұстаздан тек терең білімді ғана емес, жаңашылдықты, ізденісті, технологияны меңгеруді және әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарауды талап етеді», – деді Данияр Қасқарауов.

Ұстаздар атынан сөз алған Қонаев қаласындағы «Ақдидар» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Наркес Сасенова педагогтерге арнайы көңіл бөлініп, олардың еңбегінің бағаланғаны үшін алғыс білдірді.

«Бүгін ұстаздарға осындай ерекше көңіл бөліп, еңбегімізді бағалап, құрмет көрсетіп отырғандарыңызға көп рақмет. Күнделікті жұмыс барысында мұғалімнің еңбегі үнемі байқала бермеуі мүмкін. Сондықтан осындай сәттер біз үшін өте маңызды. Барша ұстаздардың атынан ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіремін», – деді Наркес Сасенова.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Другие новости

«Ұстаз – білімнің шамшырағы»: «Әділет» партиясы педагогтерге құрмет көрсетті

«Ұстаз – білімнің шамшырағы»: «Әділет» партиясы педагогтерге құрмет көрсетті

Қонаев қаласында «Әділет» партиясы Алматы облыстық...

  07.10.2026   157
Педагоги школы будущего

Педагоги школы будущего

В Доме культуры имени Н. Тлендиева села Отеген бат...

  07.10.2026   176
В поиске лучших решений для детства

В поиске лучших решений для детства

В городе Қонаев состоялся областной конкурс «Метод...

  07.10.2026   173
В городе Алатау наградили лучших педагогов

В городе Алатау наградили лучших педагогов

В городе Алатау состоялось торжественное мероприят...

  07.10.2026   127
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.