Коалиция мүшелері И. Саттаров атындағы орта мектебінің ұжымымен кездесу өткізді
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының өкілдері Қайрат ауылындағы И. Саттаров атындағы орта мектебінің ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасының саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған нормаларын түсіндірді.
Кездесу барысында болашақ Құрылтай депутаттары пропорционалды сайлау жүйесі арқылы қалыптастырылатыны және заң шығару билігі толықтай сайланған өкілдерге тиесілі болатыны айтылды.
«Пропорционалды жүйе – қоғамның саяси құрылымын дәл көрсететін модель. Партиялар халық қанша дауыс берсе, сонша мандат алады. Бұл – сайлау нәтижесінің әділдігі мен саяси жауапкершіліктің айқындығын қамтамасыз ететін жүйе», – деді коалиция мүшесі Байтулақов Асыл.
Кездесу барысында ұстаздар өз сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды.





