Среда, 04 Марта 2026

«Күрті орман шаруашылығы» ұжымы жаңа Конституция жобасын қолдайтынын білдірді

«Күрті орман шаруашылығы» ұжымы жаңа Конституция жобасын  қолдайтынын білдірді

Балқаш ауданында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері «Күрті орман шаруашылығы» мекемесінде еңбек ұжымымен және Желторанғы ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында 15 наурызға белгіленген республикалық референдум қарсаңында ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары түсіндірілді. Жиында заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыру және қоғам мен билік арасындағы тиімді тепе-теңдікті қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, еңбек ұжымы мен ауыл тұрғындары өз пікірлерін білдіріп, алдағы референдумға қатысты сұрақтарын қойды.

Коалиция мүшесі Аслан Кубентаев өз сөзінде конституциялық реформалардың ел дамуы үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті.

«Жаңа Конституция – қоғам сұранысына жауап беретін маңызды құжат. Ондағы өзгерістер әділеттілік қағидаттарын күшейтіп, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған. Ең бастысы – азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтіп, ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашады», – деді Аслан Кубентаев.

Кездесу соңында қатысушылар алдағы республикалық референдумның маңыздылығын атап өтіп, ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылдауда әр азаматтың белсенді қатысуы қажет екенін айтты.

Другие новости

Соцопрос демонстрирует высокий уровень электоральной активности

Соцопрос демонстрирует высокий уровень электоральной активности

Казахстанский институт общественного развития пров...

  04.03.2026   127
Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!

Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!

Алматы облысы Жамбыл ауданында Қазақстан Республик...

  04.03.2026   76
КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ №16 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҰСТАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ №16 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҰСТАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  04.03.2026   78
Сарыбастау ауылында жаңа Конституция жобасы талқыланды

Сарыбастау ауылында жаңа Конституция жобасы талқыланды

Жамбыл ауданындағы Сарыбастау тұрғындарымен өткен...

  04.03.2026   77
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.