Среда, 04 Марта 2026

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ №16 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҰСТАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ №16 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҰСТАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Алатау қаласы Ынтымақ ықшам ауданындағы №16 орта  мектептің педагогикалық ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасын талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның ең басты ерекшелігі – адамды, оның өмірі мен құқықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекіту екенін атап өтті. Бұл қағидат Преамбулада және 1-бапта нақты көрсетілген.

«Білім саласының қызметкерлері үшін жаңа Конституцияда маңызды кепілдіктер қарастырылған. 33-бапта мемлекеттік оқу орындарында ақы төлемей орта білім алуға кепілдік беріледі. Бастауыш және негізгі орта білім міндетті. Бұл – әрбір қазақстандық баланың мектеп табалдырығын аттауына мемлекет кепілдік береді деген сөз», – деді коалиция мүшесі Айдын Иманбеков.

Мұғалімдер өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Кездесу соңында ұжым өкілдері референдумға белсене қатысып, ел болашағына өз үлестерін қосатындарын жеткізді.

Другие новости

Соцопрос демонстрирует высокий уровень электоральной активности

Соцопрос демонстрирует высокий уровень электоральной активности

Казахстанский институт общественного развития пров...

  04.03.2026   160
Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!

Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!

Алматы облысы Жамбыл ауданында Қазақстан Республик...

  04.03.2026   88
КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ №16 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҰСТАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ №16 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҰСТАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  04.03.2026   84
Сарыбастау ауылында жаңа Конституция жобасы талқыланды

Сарыбастау ауылында жаңа Конституция жобасы талқыланды

Жамбыл ауданындағы Сарыбастау тұрғындарымен өткен...

  04.03.2026   82
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.