Среда, 04 Марта 2026

Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!

Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!

Алматы облысы Жамбыл ауданында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев зиялы қауым өкілдерімен және үкіметтік емес ұйым мүшелерімен кездесті.

Басқосу «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» тақырыбы аясында өтті. Кездесудің басты мақсаты – Конституциялық реформалардың мәнін түсіндіру, қоғам өкілдерінің пікірін тыңдау және ел дамуының жаңа кезеңіндегі өзекті мәселелерді талқылау болды.

Президент кеңесшісі өз сөзінде әділетті қоғам қалыптастыру – Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық бағыттардың бірі екенін атап өтті.

«Біздің тарихымыз ғасырлар қойнауынан бастау алады және бұл сабақтастық бүгінге дейін жалғасып келеді. Мемлекет – мәңгілік құндылық, оның мәңгілігі әр азаматтың адал қызметі мен жауапкершілігіне байланысты. Конституциялық реформалар – осы тарихи жолдың заңды жалғасы. Сондықтан Жаңа Конституцияны қолдау – ел болашағына деген ортақ жауапкершілігіміз», – деді Мәлік Отарбаев.

Айта кету керек, қатысушылар әділетті әрі прогрессивті Қазақстан құру жолындағы реформаларға қолдау білдірді және алдағы уақыттада ашық диалог алаңдары жалғасатыны атап өтілді.

Другие новости

Соцопрос демонстрирует высокий уровень электоральной активности

Соцопрос демонстрирует высокий уровень электоральной активности

Казахстанский институт общественного развития пров...

  04.03.2026   160
Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!

Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!

Алматы облысы Жамбыл ауданында Қазақстан Республик...

  04.03.2026   88
КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ №16 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҰСТАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ №16 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҰСТАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  04.03.2026   83
Сарыбастау ауылында жаңа Конституция жобасы талқыланды

Сарыбастау ауылында жаңа Конституция жобасы талқыланды

Жамбыл ауданындағы Сарыбастау тұрғындарымен өткен...

  04.03.2026   82
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.