Четверг, 05 Марта 2026

Масақ ауылында цифрлық құқықтар мәселесі талқыланды

Масақ ауылында цифрлық құқықтар мәселесі талқыланды

Еңбекшіқазақ ауданындағы Масақ ауылының тұрғындарымен өткен кездесуде жаңа Конституция жобасындағы 21-бап нормаларына ерекше назар аударылды.

Коалиция мүшелері жеке өмірге қол сұғылмау, жеке және отбасы құпиясының қорғалуы, сондай-ақ цифрлық технологияларды қолдануды қоса алғанда, дербес деректерді заңсыз жинаудан және пайдаланудан қорғау құқығы конституциялық деңгейде бекітілетінін түсіндірді.

Коалиция мүшесі Рахимов Бағдат бұл өзгерістің заманауи маңызын атап өтті.

«Бүгінде әр азаматтың деректері цифрлық ортада сақталады. Медициналық ақпарат, жеке сәйкестендіру деректері, банктік мәліметтер – мұның барлығы қорғалуы тиіс. Жаңа Конституция бұл құқықты нақты бекітіп отыр. Бұл – азаматтың жеке кеңістігіне қол сұқпаудың Негізгі заңмен кепілденуі», – деді ол.

Кездесу барысында тұрғындар цифрлық қауіпсіздікке қатысты сұрақтар қойды.

Другие новости

Голос молодого поколения

Голос молодого поколения

15 марта для восемнадцатилетней жительницы Илийско...

  05.03.2026   109
Коалиция мүшелері Беріктас тұрғындарымен кездесті

Коалиция мүшелері Беріктас тұрғындарымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  05.03.2026   68
Коалиция мүшелері Көлді мектебінің ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері Көлді мектебінің ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  05.03.2026   85
Таиров орта мектебінің ұжымында Конституциялық реформа талқыланды

Таиров орта мектебінің ұжымында Конституциялық реформа талқыланды

Байсейіт ауылындағы И. Таиров атындағы орта мектеп...

  05.03.2026   90
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.