Четверг, 05 Марта 2026

Коалиция мүшелері Көлді мектебінің ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері Көлді мектебінің ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Бәйдібек би ауылындағы Островский атындағы мектептің педагогикалық ұжымымен және ауыл тұрғындарымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға ұсынылған жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады.

Кездесу барысында 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға шығарылатын жаңа Конституция жобасының басты бағыттары кеңінен түсіндірілді. Коалиция мүшелері Президенттің бір реттік жеті жылдық мерзімі, партия мүшелігіне қойылатын шектеу, кадрлық шешімдерді Құрылтай келісімімен қабылдау және билік тармақтарының теңгерімі мәселелеріне тоқталды.

Коалиция мүшесі Назгүл Сыдықова реформаның мәні мен маңызын жан-жақты баяндады.

«Жаңа Конституция жобасы билікті күшейтуге емес, оны шектеуге бағытталған. Президент бір рет қана жеті жылға сайланады және бұл норма өзгертілмейтін қағида ретінде бекітіледі. Өкілеттік кезеңінде Президент партия мүшесі бола алмайды, ал жақын туыстары саяси мемлекеттік қызмет атқара алмайды. Бұл – биліктің бір қолға шоғырлануына жол бермейтін нақты құқықтық тетіктер. Сонымен қатар заң шығару билігі толықтай сайланған Құрылтайға беріледі. Бұл – халық еркінің тікелей көрінісі», – деп атап өтті Саят Дайымбаев.

Кездесу соңында ауыл тұрғындары алдағы референдумның ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Другие новости

Голос молодого поколения

Голос молодого поколения

15 марта для восемнадцатилетней жительницы Илийско...

  05.03.2026   110
Коалиция мүшелері Беріктас тұрғындарымен кездесті

Коалиция мүшелері Беріктас тұрғындарымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  05.03.2026   69
Коалиция мүшелері Көлді мектебінің ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері Көлді мектебінің ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  05.03.2026   87
Таиров орта мектебінің ұжымында Конституциялық реформа талқыланды

Таиров орта мектебінің ұжымында Конституциялық реформа талқыланды

Байсейіт ауылындағы И. Таиров атындағы орта мектеп...

  05.03.2026   92
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.