Четверг, 05 Марта 2026

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ Н.ТІЛЕНДИЕВ АУЫЛЫНДАҒЫ №26 МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ Н.ТІЛЕНДИЕВ АУЫЛЫНДАҒЫ №26 МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Қараой ауылдық округі Н.Тілендиев ауылындағы  №26 орта мектептің педагогикалық ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа редакцияда Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені нақты әрі айқын бекітілетінін атап өтті. Азаматтардың заңда белгіленген тәртіппен ақы алынбай медициналық көмек алуға құқығы сақталатыны, әлеуметтік міндеттемелердің конституциялық деңгейде нақтыланатыны түсіндірілді.

«Жаңа Конституция әлеуметтік кепілдіктерді қысқартуға емес, оларды нақты әрі құқықтық тұрғыдан айқындауға бағытталған. Әлеуметтік мемлекет қағидаты – декларация емес, бюджет пен заңнамалық міндеттемелер арқылы қамтамасыз етілетін нақты норма. Бұл – азаматтардың денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы құқықтарының сақталуының құқықтық кепілі», – деді коалиция мүшесі Мухит Карибаев.

Ұжым өкілдері жаңа Конституция жобасының мазмұнына қатысты пікір білдіріп, референдумға қатысуға ниетті екендерін жеткізді.

Другие новости

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ ҚОСӨЗЕН АУЫЛЫНДАҒЫ №50 МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ ҚОСӨЗЕН АУЫЛЫНДАҒЫ №50 МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  05.03.2026   79
КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ Н.ТІЛЕНДИЕВ АУЫЛЫНДАҒЫ №26 МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ Н.ТІЛЕНДИЕВ АУЫЛЫНДАҒЫ №26 МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  05.03.2026   78
Голос молодого поколения

Голос молодого поколения

15 марта для восемнадцатилетней жительницы Илийско...

  05.03.2026   133
Коалиция мүшелері Беріктас тұрғындарымен кездесті

Коалиция мүшелері Беріктас тұрғындарымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  05.03.2026   83
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.