Четверг, 30 Июля 2026

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ІЛЕ АУДАНЫНДАҒЫ «ТАНГЕНС» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ІЛЕ АУДАНЫНДАҒЫ «ТАНГЕНС» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Өтеген батыр ауылындағы «ТАНГЕНС» ЖШС еңбек ұжымымен кездесіп, 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның адамға бағдарланған сипаты, әлеуметтік кепілдіктердің сақталуы, еңбек құқықтары, цифрлық қауіпсіздік және дәстүрлі отбасы құндылықтарын қорғау мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, алдағы референдумның маңыздылығын атап өтті.

«Жаңа Конституция – біздің ортақ болашағымыздың негізі. Әрбір азаматтың референдумға қатысып, дауыс беруі – еліміздің даму жолына қосқан үлесі», – деді коалиция мүшесі Нұрлан Түймелиев.

Ұжым өкілдері жаңа Конституция жобасымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алғандарына алғыстарын айтты.

Жалпыұлттық коалиция ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, еліміздің түкпір-түкпірінде осындай кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Другие новости

Курчатовта атом энергетикасының қауіпсіздігі бойынша халықаралық конференция өтті

Курчатовта атом энергетикасының қауіпсіздігі бойынша халықаралық конференция өтті

2026 жылғы 21–23 шілде аралығында Курчатов қаласын...

  30.07.2026   88
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай

Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай

Қазақстан соңғы жылдары атом өнеркәсібын жаңа сапа...

  30.07.2026   125
Сайлауалды науқанның басты дебаты: «Әділет» көрермендер дауыс беруінде жеңіске жетсе, «Ақ жол» екінші орынға тұрақтады

Сайлауалды науқанның басты дебаты: «Әділет» көрермендер дауыс беруінде жеңіске жетсе, «Ақ жол» екінші орынға тұрақтады

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микр...

  30.07.2026   126
Главные дебаты предвыборной кампании – «Әділет» выиграла зрительское голосование, а «Ақ жол» закрепилась на втором месте

Главные дебаты предвыборной кампании – «Әділет» выиграла зрительское голосование, а «Ақ жол» закрепилась на втором месте

Жребий, Хартия этики и один открытый микрофон на в...

  30.07.2026   120
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.