Среда, 05 Августа 2026

КОАЛИЦИЯ» МҮШЕЛЕРІ «ЮНАЙТЕД ХАЙДЖИ» ЖШС ҒИМАРАТЫНДА ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ» МҮШЕЛЕРІ «ЮНАЙТЕД ХАЙДЖИ» ЖШС ҒИМАРАТЫНДА  ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Алатау қаласы Қоянқұс ықшам ауданында  «ЮНАЙТЕД ХАЙДЖИ» ЖШС еңбек ұжымымен кездесіп, 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның адамға бағдарланған сипаты, әлеуметтік кепілдіктердің сақталуы, еңбек құқықтары, цифрлық қауіпсіздік және дәстүрлі отбасы құндылықтарын қорғау мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, алдағы референдумның маңыздылығын атап өтті.

«Жаңа Конституция – біздің ортақ болашағымыздың негізі. Әрбір азаматтың референдумға қатысып, дауыс беруі – еліміздің даму жолына қосқан үлесі», – деді коалиция мүшесі Айдын Иманбеков.

Ұжым өкілдері жаңа Конституция жобасымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алғандарына алғыстарын айтты.

Жалпыұлттық коалиция ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, еліміздің түкпір-түкпірінде осындай кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Другие новости

Как будут представлены регионы в новом Курултае обсудили на экспертной площадке в Восточном Казахстане

Как будут представлены регионы в новом Курултае обсудили на экспертной площадке в Восточном Казахстане

4 августа в Оскемене на площадке Восточно-Казахста...

  05.08.2026   66
Шығыс Қазақстандағы сарапшылар алаңында жаңа Құрылтайдағы өңірлердің өкілдігі талқыланды

Шығыс Қазақстандағы сарапшылар алаңында жаңа Құрылтайдағы өңірлердің өкілдігі талқыланды

4 тамыз күні Өскемен қаласында Д. Серікбаев атында...

  05.08.2026   67
Современная станция для сельчан

Современная станция для сельчан

В Темиржолском сельском округе Жамбылского района...

  05.08.2026   102
Ставка на переработку

Ставка на переработку

Долгое время эффективность сельского хозяйства оце...

  05.08.2026   93
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.