Четверг, 30 Июля 2026

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ №15 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ  №15 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Алатау қаласы Ынтымақ ауылындағы №15 орта мектептің  педагогикалық ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа редакцияда Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені нақты әрі айқын бекітілетінін атап өтті. Азаматтардың заңда белгіленген тәртіппен ақы алынбай медициналық көмек алуға құқығы сақталатыны, әлеуметтік міндеттемелердің конституциялық деңгейде нақтыланатыны түсіндірілді.

«Жаңа Конституция әлеуметтік кепілдіктерді қысқартуға емес, оларды нақты әрі құқықтық тұрғыдан айқындауға бағытталған. Әлеуметтік мемлекет қағидаты – декларация емес, бюджет пен заңнамалық міндеттемелер арқылы қамтамасыз етілетін нақты норма. Бұл – азаматтардың денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы құқықтарының сақталуының құқықтық кепілі», – деді коалиция мүшесі Сұлтан Жарқынбеков.

Ұжым өкілдері жаңа Конституция жобасының мазмұнына қатысты пікір білдіріп, референдумға қатысуға ниетті екендерін жеткізді.

Другие новости

Курчатовта атом энергетикасының қауіпсіздігі бойынша халықаралық конференция өтті

Курчатовта атом энергетикасының қауіпсіздігі бойынша халықаралық конференция өтті

2026 жылғы 21–23 шілде аралығында Курчатов қаласын...

  30.07.2026   89
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай

Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай

Қазақстан соңғы жылдары атом өнеркәсібын жаңа сапа...

  30.07.2026   127
Сайлауалды науқанның басты дебаты: «Әділет» көрермендер дауыс беруінде жеңіске жетсе, «Ақ жол» екінші орынға тұрақтады

Сайлауалды науқанның басты дебаты: «Әділет» көрермендер дауыс беруінде жеңіске жетсе, «Ақ жол» екінші орынға тұрақтады

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микр...

  30.07.2026   127
Главные дебаты предвыборной кампании – «Әділет» выиграла зрительское голосование, а «Ақ жол» закрепилась на втором месте

Главные дебаты предвыборной кампании – «Әділет» выиграла зрительское голосование, а «Ақ жол» закрепилась на втором месте

Жребий, Хартия этики и один открытый микрофон на в...

  30.07.2026   121
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.