Среда, 05 Августа 2026

Космос ауылында цифрлық құқықтар мәселесі талқыланды

Космос ауылында цифрлық құқықтар мәселесі талқыланды

Еңбекшіқазақ ауданындағыКосмос тұрғындарымен өткен кездесуде жаңа Конституция жобасындағы 21-бап нормаларына ерекше назар аударылды.

Коалиция мүшелері жеке өмірге қол сұғылмау, жеке және отбасы құпиясының қорғалуы, сондай-ақ цифрлық технологияларды қолдануды қоса алғанда, дербес деректерді заңсыз жинаудан және пайдаланудан қорғау құқығы конституциялық деңгейде бекітілетінін түсіндірді.

Коалиция мүшесі Абитов Ерік бұл өзгерістің заманауи маңызын атап өтті.

«Бүгінде әр азаматтың деректері цифрлық ортада сақталады. Медициналық ақпарат, жеке сәйкестендіру деректері, банктік мәліметтер – мұның барлығы қорғалуы тиіс. Жаңа Конституция бұл құқықты нақты бекітіп отыр. Бұл – азаматтың жеке кеңістігіне қол сұқпаудың Негізгі заңмен кепілденуі», – деді ол.

Кездесу барысында тұрғындар цифрлық қауіпсіздікке қатысты сұрақтар қойды.

Другие новости

Волна больших перемен

Волна больших перемен

Город Қонаев может стать центром развития водно-мо...

  05.08.2026   69
Подготовка к выборам продолжается

Подготовка к выборам продолжается

Подготовку к выборам депутатов Курултая, назначенн...

  05.08.2026   77
Газовое хозяйство -  под контролем

Газовое хозяйство - под контролем

Сотням автозаправок и газовых пунктов региона пред...

  05.08.2026   85
Новый учебный год -  на старте

Новый учебный год - на старте

Подготовка к новому учебному году, строительство ш...

  05.08.2026   81
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.