Среда, 05 Августа 2026

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «ХЕНКЕЛЬ САС КАЗАХСТАН» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «ХЕНКЕЛЬ САС КАЗАХСТАН» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері Алатау қаласы Заречный ықшам ауданындағы «Хенкель САС Казахстан» ЖШС еңбек ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасы жайында пікір алмасты.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның адам құқықтарын қорғауға, әлеуметтік саланы дамытуға және елдің саяси жүйесін жетілдіруге бағытталғанын атап өтті. Олар білім мен медицинаның тегін болатынын, еңбек құқықтарының конституциялық деңгейде қорғалатынын, цифрлық деректердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілетінін жеткізді.

«Жаңа Конституция – еліміздің жаңа дәуірге қадам басқанының дәлелі. Мұнда әрбір азаматтың мүддесі ескерілген. Ендігі кезек – референдумда барымызды салып, осы құжатты қолдау», – деді коалиция мүшелері.

Ұжым қызметкерлері көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, түсінікті әрі нақты жауаптар алды. Кездесу соңында олар референдумға белсене қатысып, ел тағдырына бейжай қарамайтындарын білдірді.

Другие новости

Волна больших перемен

Волна больших перемен

Город Қонаев может стать центром развития водно-мо...

  05.08.2026   70
Подготовка к выборам продолжается

Подготовка к выборам продолжается

Подготовку к выборам депутатов Курултая, назначенн...

  05.08.2026   78
Газовое хозяйство -  под контролем

Газовое хозяйство - под контролем

Сотням автозаправок и газовых пунктов региона пред...

  05.08.2026   86
Новый учебный год -  на старте

Новый учебный год - на старте

Подготовка к новому учебному году, строительство ш...

  05.08.2026   82
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.