Понедельник, 10 Августа 2026

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «АЙНҰР» МЕКТЕБІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «АЙНҰР» МЕКТЕБІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Өтеген батыр ауылындағы «Айнұр» мектебінің педагогикалық ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа редакцияда Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені нақты әрі айқын бекітілетінін атап өтті. Азаматтардың заңда белгіленген тәртіппен ақы алынбай медициналық көмек алуға құқығы сақталатыны, әлеуметтік міндеттемелердің конституциялық деңгейде нақтыланатыны түсіндірілді.

«Жаңа Конституция әлеуметтік кепілдіктерді қысқартуға емес, оларды нақты әрі құқықтық тұрғыдан айқындауға бағытталған. Әлеуметтік мемлекет қағидаты – декларация емес, бюджет пен заңнамалық міндеттемелер арқылы қамтамасыз етілетін нақты норма. Бұл – азаматтардың денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы құқықтарының сақталуының құқықтық кепілі», – деді коалиция мүшесі Тлеукен Отыншықызы.

Ұжым өкілдері жаңа Конституция жобасының мазмұнына қатысты пікір білдіріп, референдумға қатысуға ниетті екендерін жеткізді.

Другие новости

Подавляющее большинство граждан доверяет Президенту К.Токаеву

Подавляющее большинство граждан доверяет Президенту К.Токаеву

Институт Демократии представил результаты социолог...

  10.08.2026   46
Курултай – эффективная площадка общественного диалога

Курултай – эффективная площадка общественного диалога

Курултай – это важная площадка, где обсуждаются кл...

  10.08.2026   96
Местная власть под наблюдением депутатов

Местная власть под наблюдением депутатов

Новая Конституция предусматривает возможность выра...

  10.08.2026   75
Бюджет района под вниманием депутатов

Бюджет района под вниманием депутатов

Новая Конституция определяет маслихаты как местные...

  10.08.2026   83
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.