Воскресенье, 09 Августа 2026

Коалиция мүшелері Ақтерек тұрғындарымен кездесті

Коалиция мүшелері Ақтерек тұрғындарымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Жамбыл ауданындағы Ақтерек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Жиында 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді. Коалиция мүшелері Президенттің бір реттік жеті жылдық мерзімі, партия мүшелігіне шектеу, кадрлық шешімдерді Құрылтай келісімімен қабылдау және билік тармақтарының теңгерімі мәселелеріне тоқталды.

Коалиция мүшесі Таңірберген Қасымберкебаев реформаның мәнін кеңінен тарқатты.

«Жаңа Конституция жобасы билікті күшейтуге емес, оны шектеуге бағытталған. Президент бір рет қана жеті жылға сайланады және бұл норма өзгертілмейтін қағида ретінде бекітіледі. Өкілеттік кезеңінде партия мүшесі бола алмайды, ал жақын туыстары саяси мемлекеттік қызмет атқара алмайды. Бұл – биліктің бір қолға шоғырлануына жол бермейтін нақты құқықтық тосқауылдар. Сонымен қатар заң шығару билігі толықтай сайланған Құрылтайға беріледі. Бұл – халық еркінің тікелей көрінісі», – деді ол.

Тұрғындар референдумның ел болашағы үшін маңызын атап өтті.

Другие новости

Конституционный суд и гражданин

Конституционный суд и гражданин

Новая Конституция закрепляет возможность граждан о...

  09.08.2026   77
Марат Султангазиев заслушал отчеты акимов сельских округов

Марат Султангазиев заслушал отчеты акимов сельских округов

Аким Алматинской области Марат Султангазиев провел...

  08.08.2026   194
Развитие районов обсудили на местах

Развитие районов обсудили на местах

Занятость населения, возвращение неиспользуемых зе...

  08.08.2026   215
Отчет Правительства выходит в политическую плоскость

Отчет Правительства выходит в политическую плоскость

По новой Конституции Правительство ответственно пе...

  08.08.2026   205
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.