Пятница, 01 Мая 2026

Коалиция мүшелері №21 орта ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері №21 орта  ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Талғар ауданындағы №21 орта мектеп педагогикалық ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа редакцияда Президент бір реттік жеті жылдық мерзімге сайланатынын және қайта сайлану құқығына ие болмайтынын, өкілеттік кезеңінде саяси партия мүшесі бола алмайтынын атап өтті. Сонымен қатар жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметтерді атқара алмауы биліктің шоғырлануына жол бермейтін құқықтық тосқауыл екені түсіндірілді.

«Жаңа Конституция жобасының басты мақсаты – билікті жеке тұлғаға бейімдеу емес, оны институционалдық тұрғыдан шектеу. Бір реттік жеті жылдық мерзім өзгертілмейтін қағида ретінде бекітіледі. Бұл – биліктің “нөлденуіне” емес, тұрақтылық пен әділеттілікке бағытталған нақты құқықтық шешім. Сонымен қатар, кадрлық шешімдерді Құрылтай келісімімен қабылдау тетігі енгізіліп отыр. Бұл – тепе-теңдік пен жауапкершілік моделінің негізі», – деді коалиция мүшесі Сулейменов Айдын.

Ұжым өкілдері референдумның ел дамуы үшін тарихи маңызы бар екенін атап өтті.

Другие новости

Когда разные голоса звучат как один

Когда разные голоса звучат как один

В Балхашском районе День единства народа Казахстан...

  01.05.2026   20
На пути к читающей нации

На пути к читающей нации

В селе Жандосово одноименного сельского округа Кар...

  01.05.2026   68
Торжество с особой изюминкой

Торжество с особой изюминкой

Празднования Дня единства народа Казахстана в Кара...

  01.05.2026   71
В городе Алатау ярко и торжественно отметили 1 Мая – День единства народа Казахстана

В городе Алатау ярко и торжественно отметили 1 Мая – День единства народа Казахстана

В городе Алатау праздничные мероприятия, посвящённ...

  01.05.2026   88
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.