Среда, 12 Августа 2026

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ №38 ГИМНАЗИЯ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ №38 ГИМНАЗИЯ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Өтеген батыр ауылындағы №38 гимназияның педагогикалық ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа редакцияда Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені нақты әрі айқын бекітілетінін атап өтті. Азаматтардың заңда белгіленген тәртіппен ақы алынбай медициналық көмек алуға құқығы сақталатыны, әлеуметтік міндеттемелердің конституциялық деңгейде нақтыланатыны түсіндірілді.

«Жаңа Конституция әлеуметтік кепілдіктерді қысқартуға емес, оларды нақты әрі құқықтық тұрғыдан айқындауға бағытталған. Әлеуметтік мемлекет қағидаты – декларация емес, бюджет пен заңнамалық міндеттемелер арқылы қамтамасыз етілетін нақты норма. Бұл – азаматтардың денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы құқықтарының сақталуының құқықтық кепілі», – деді коалиция мүшесі Айдар Абдрахманов.

Другие новости

От дипломатии к взаимовыгодному партнерству

От дипломатии к взаимовыгодному партнерству

Казахстан и Индия на протяжении 34 лет последовате...

  12.08.2026   68
Наращивая  инвестиционный потенциал

Наращивая инвестиционный потенциал

В Алматинской области продолжает расти объем инвес...

  12.08.2026   91
Новое поколение  и цифровые технологии

Новое поколение и цифровые технологии

Возможности для профессионального роста сельских с...

  12.08.2026   87
Подарок  юным чемпионам

Подарок юным чемпионам

В селе Шошанай вышел на финишную прямую важный соц...

  12.08.2026   84
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.