Четверг, 13 Августа 2026

Коалиция мүшелері Мухамади атындағы орта мектептің ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері Мухамади атындағы орта мектептің ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Еңбекшіқазақ ауданы, Ават ауылындағы О.Мұхамади атындағы орта мектептің педагогикалық ұжымымен кездесу өткізіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндірді.

Кездесу барысында коалиция мүшелері ұсынылып отырған жаңа редакциядағы маңызды өзгерістерге тоқталды. Атап айтқанда, Президенттің бір реттік жеті жылдық мерзімге сайланатыны және қайта сайлану құқығына ие болмайтыны айтылды. Сонымен қатар, мемлекет басшысы өз өкілеттігі кезеңінде саяси партия мүшесі бола алмайтыны, ал оның жақын туыстары саяси мемлекеттік қызметтерді атқара алмайтыны биліктің шоғырлануына жол бермейтін маңызды құқықтық тетік екені түсіндірілді.

Коалиция өкілдерінің айтуынша, жаңа Конституция жобасының басты мақсаты – билікті жеке тұлғаның қолына шоғырландыру емес, керісінше оны институционалдық тұрғыдан шектеу арқылы тиімді басқару жүйесін қалыптастыру. Бір реттік жеті жылдық мерзімнің өзгертілмейтін қағида ретінде бекітілуі биліктің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, әділетті саяси жүйені қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам екені атап өтілді.

Сонымен қатар кадрлық шешімдерді Құрылтай келісімімен қабылдау тетігінің енгізілуі мемлекеттік басқарудағы тепе-теңдік пен жауапкершілік қағидаттарын нығайтатыны айтылды.

Кездесу барысында педагогтар өз пікірлерін білдіріп, жаңа Конституция жобасында ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар елдің демократиялық дамуына бағытталған маңызды бастама екенін атап өтті. Ұжым өкілдері алдағы референдумның тарихи маңызға ие екенін айтып, әр азаматтың ел болашағына бейжай қарамай, белсенді азаматтық ұстаным танытуы маңызды екенін жеткізді.

Другие новости

Основной закон можно защищать

Основной закон можно защищать

Новая Конституция закрепляет возможность граждан о...

  13.08.2026   84
Правительство под взглядом Курултая

Правительство под взглядом Курултая

По новой Конституции Правительство ответственно пе...

  13.08.2026   85
Конституция ограничила семейное влияние

Конституция ограничила семейное влияние

В новой Конституции отдельно закреплено ограничени...

  13.08.2026   101
Новая площадка для партий

Новая площадка для партий

Курултай стал высшим представительным органом Респ...

  13.08.2026   84
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.