Вторник, 29 Сентября 2026

Коалиция мүшелері М. Горький атындағы орта мектеп ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері М. Горький атындағы орта мектеп ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Еңбекшіқазақ ауданы Бөлек ауылындағы М. Горький атындағы орта мектептің педагогикалық ұжымымен кездесу өткізіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасы жөнінде кеңінен әңгіме өрбітті.

Жиын барысында коалиция өкілдері конституциялық реформаның негізгі бағыттарын түсіндіріп, ұсынылып отырған өзгерістердің елдегі саяси жүйені жаңғыртуға бағытталғанын атап өтті. Атап айтқанда, Президенттің өкілеттік мерзімін бір реттік жеті жылмен шектеу, оның өкілеттігі кезінде саяси партия мүшесі болмауы және жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметтерге тағайындалмауы сияқты нормалар биліктің ашықтығы мен теңгерімін қамтамасыз етуге арналған маңызды қадам екені айтылды.

Сондай-ақ жаңа Конституция жобасында мемлекеттік басқару жүйесіндегі жауапкершілікті арттыру, билік тармақтарының тепе-теңдігін сақтау және қоғамның саяси процестерге қатысуын кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылғаны атап өтілді.

Кездесу барысында мектеп ұжымы өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсынылып отырған өзгерістердің ел болашағы үшін маңызды екенін айтты. Педагогтар алдағы референдумның маңызына тоқталып, мұндай тарихи кезеңде әр азаматтың белсенділік танытуы қажет екенін жеткізді.

Другие новости

В Астане страны Центральной Азии и США обсудили сотрудничество в сфере ИИ и цифровых технологий

В Астане страны Центральной Азии и США обсудили сотрудничество в сфере ИИ и цифровых технологий

29 сентября в Астане начала работу конференция C5+...

  29.09.2026   79
В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана

В Астане чествовали ветеранов и специалистов атомной отрасли Казахстана

Астана, 28 сентября 2026 года — В столице состояло...

  29.09.2026   109
Удивили и разнообразием, и качеством

Удивили и разнообразием, и качеством

Аграрии Алматинской области представили на ярмарке...

  28.09.2026   161
Высокий темп  строительства жилья

Высокий темп строительства жилья

В Алматинской области на обеспечение жильем семей,...

  28.09.2026   166
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.