Четверг, 13 Августа 2026

Коалиция мүшелері Malina Desserts қызметкерлерімен кездесті

Коалиция мүшелері Malina Desserts қызметкерлерімен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері Талғар ауданындағы «Malina Desserts» ЖШС-ң  еңбек ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасы жайында пікір алмасты.
Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның адам құқықтарын қорғауға, әлеуметтік саланы дамытуға және елдің саяси жүйесін жетілдіруге бағытталғанын атап өтті. Олар білім мен медицинаның тегін болатынын, еңбек құқықтарының конституциялық деңгейде қорғалатынын, цифрлық деректердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілетінін жеткізді.
«Жаңа Конституция – еліміздің жаңа дәуірге қадам басқанының дәлелі. Мұнда әрбір азаматтың мүддесі ескерілген. Ендігі кезек – референдумда барымызды салып, осы құжатты қолдау», – деді коалиция мүшесі Сулейменов Айдын.
Ұжым қызметкерлері көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, түсінікті әрі нақты жауаптар алды. Кездесу соңында олар референдумға белсене қатысып, ел тағдырына бейжай қарамайтындарын білдірді.

Другие новости

Основной закон можно защищать

Основной закон можно защищать

Новая Конституция закрепляет возможность граждан о...

  13.08.2026   84
Правительство под взглядом Курултая

Правительство под взглядом Курултая

По новой Конституции Правительство ответственно пе...

  13.08.2026   85
Конституция ограничила семейное влияние

Конституция ограничила семейное влияние

В новой Конституции отдельно закреплено ограничени...

  13.08.2026   101
Новая площадка для партий

Новая площадка для партий

Курултай стал высшим представительным органом Респ...

  13.08.2026   84
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.