Четверг, 12 Марта 2026

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ «ЭНЕРГОСБЫТ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ «ЭНЕРГОСБЫТ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Өтеген батыр ауылындағы «Энергосбыт» еңбек ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасын талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның негізгі ерекшеліктері – адамды ең жоғары құндылық ретінде бекіту, әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, еңбек құқықтарын қорғау, цифрлық қауіпсіздік, дәстүрлі отбасы құндылықтарын нығайту мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ билік тармақтарының теңгерімі, бір палаталы Парламент құру, Вице-Президент институтын енгізу сияқты саяси жаңашылдықтар туралы айтып берді.

«Жаңа Конституция – еліміздің тұрақты дамуының берік негізі. Бұл – тек заңдар жинағы емес, біздің ортақ болашағымыздың айнасы», – деді коалиция мүшелері.
Жиналғандар өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Кездесу соңында ұжым атынан коалиция өкілдеріне алғыс білдіріліп, референдумға белсене қатысуға дайын екендіктері жеткізілді.

Коалиция ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырады.

Другие новости

Тұздыбастау ауылының амбулатория ұжымында Конституциялық реформа талқыланды

Тұздыбастау ауылының амбулатория ұжымында Конституциялық реформа талқыланды

Талғар ауданындағы Тұздыбастау ауылының амбулатори...

  12.03.2026   33
В поддержку национального достояния

В поддержку национального достояния

В Уйгурском районе раскинулся известный всему миру...

  12.03.2026   67
Готовность к историческому референдуму

Готовность к историческому референдуму

В Уйгурском районе завершаются последние приготовл...

  12.03.2026   66
День выбора и встреч

День выбора и встреч

В день республиканского референдума, который пройд...

  12.03.2026   70
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.