Воскресенье, 15 Марта 2026

Қарасай ауданында ораза ұстаған тұрғындар үшін арнайы акциясы ұйымдастырылды

Қарасай ауданында ораза ұстаған тұрғындар үшін арнайы акциясы ұйымдастырылды

Бүгінгі саяси науқан қасиетті Рамазан айының берекелі күндерімен тұспа-тұс келіп отыр. Осыған орай, Қарасай ауданындағы бірқатар сайлау учаскелерінде кешкі уақытта дауыс беруге келген азаматтар мен ораза ұстаған тұрғындар үшін арнайы ізгілік акциясы ұйымдастырылды.
Сайлау учаскесіне келушілерге ауыз ашар уақытында құрма мен су таратылып, Рамазан айының құрметіне ерекше ілтипат көрсетілді. Бұл бастама сайлаудың маңыздылығын ғана емес, халқымыздың ауызбіршілігі мен рухани құндылықтарын да паш етті.
Тұрғындардың айтуынша, мұндай қамқорлық дауыс беруге келген жандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекелік атмосфераны нығайта түскен.
«Бүгін еліміз үшін де, мұсылман қауымы үшін де ерекше күн. Сайлауға келіп, өз таңдауымызды жасап жатқан сәтте ораза ұстаған жандарға құрма мен су ұсынып жатқаны өте қуанышты жағдай. Бұл — бірлігіміз бен бір-бірімізге деген құрметіміздің белгісі», деп пікір білдірді ауыл тұрғыны.

 

Другие новости

Команда, неравнодушная к будущему

Команда, неравнодушная к будущему

В Казахстане прошел Республиканский референдум по...

  15.03.2026   44
Коллектив ТОО «Маревен Фуд Тянь-Шань» принял активное участие в республиканском референдуме

Коллектив ТОО «Маревен Фуд Тянь-Шань» принял активное участие в республиканском референдуме

В день республиканского референдума коллектив ТОО...

  15.03.2026   45
Основа мира и единства

Основа мира и единства

В Енбекшиказахском районе сложилась устойчивая мод...

  15.03.2026   82
Референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды

Референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды

Референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды, учас...

  15.03.2026   81
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.