Понедельник, 16 Марта 2026

Олжас Бектенов: Еліміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты

Олжас Бектенов: Еліміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты

Құрметті отандастар!

Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.

Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетіп, Мемлекет басшысының ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларына жаппай қолдауын білдірді.

Біз сіздермен бірге ауқымы мен мән-маңызы тұрғысынан ел тағдырына қатысты тарихи оқиғаның тікелей куәгері болдық.

Президентіміз  атап өткендей, қазақстандықтар жаңару мен жаңғыру үшін дауыс беріп, мемлекеттігімізді нығайтуға өз үлестерін қосты.

Әділетті әрі Өркендеген Қазақстанның жаңа тарихы ұлттық дәстүрлеріміз бен мәдениетімізді ұлықтап, тек демократиялық құндылықтар негізінде қалыптасуда.

Жүргізіліп жатқан өзгерістердің сапасы мен даму қарқынын қамтамасыз ете отырып, бәріміз бірге алға қойылған мақсат-міндеттерге қол жеткізетінімізге сенімдімін.

Барша қазақстандықтарды Отанымыздың Бірлігі мен Тәуелсіздігінің және Егемендігінің символы болып табылатын жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтаймын!

ҚР Премьер-министрі
Олжас Бектенов

Другие новости

Қырғызстан ОСК төрағасы референдумның жоғары деңгейде өткенін дайындалғанын айтты

Қырғызстан ОСК төрағасы референдумның жоғары деңгейде өткенін дайындалғанын айтты

Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Т...

  16.03.2026   89
Председатель ЦИК Кыргызстана отметил высокий уровень подготовки референдума

Председатель ЦИК Кыргызстана отметил высокий уровень подготовки референдума

Республиканский референдум в Казахстане прошёл при...

  16.03.2026   87
Халықаралық бақылаушы Ахмет Йенер: Қазақстандағы референдум ашық әрі жоғары белсенділікпен өтті

Халықаралық бақылаушы Ахмет Йенер: Қазақстандағы референдум ашық әрі жоғары белсенділікпен өтті

Қазақстанда өткен республикалық референдум халықар...

  16.03.2026   92
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой

Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой

Республиканский референдум, прошедший в Казахстане...

  16.03.2026   84
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.