Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіхановтың құттықтауы
Құрметті жерлестер!
Ардақты ағайын!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Наурыз – береке мен бірліктің, тазару мен жаңғырудың айшықты нышаны. Бұл күн – ізгі бастамаларға жол ашып, үміт пен сенімді ұштайтын ерекше мереке.
2026 жыл еліміз үшін даму мен жаңғыру кезеңінің жалғасы болуда. Биыл цифрландыру мен заманауи технологияларды ілгерілетуге басымдық беріліп отыр. Сонымен қатар, Әз-Наурызды жаңа Конституциямен қатар қарсы алу – тарихи маңызы зор кезең. Наурыз – жаңа серпіннің белгісі болса, Конституция – сол жаңарудың берік тірегі. Бұл құндылықтар әділетті әрі дамыған қоғам қалыптастыруға негіз болады.
Бүгінде Қонаев қаласында 30-дан астам этнос өкілі, 70 мыңға жуық тұрғын бірлік пен татулықта өмір сүріп келеді. Ынтымақ пен өзара түсіністіктің арқасында көптеген игі бастамалар жүзеге асуда. Бүгінгі мерекелік шаралар – осы үйлесім мен берекенің айқын көрінісі.
Әз-Наурыз әр шаңыраққа құт-береке әкеліп, жүректерге жылу сыйласын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Ізгі тілекпен, Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов





