Вторник, 02 Июня 2026

Алматы облысы мен Шэньси провинциясы арасындағы байланыс нығаяды

Алматы облысы мен Шэньси провинциясы арасындағы байланыс нығаяды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Шэньси провинциясы партия комитетінің хатшысы Чжао Идэ мырзамен кездесті. Жүздесу барысында өнеркәсіп, инновациялық технологиялар, логистика, ауыл шаруашылығы және жоғары технологиялық өндіріс саласында ықпалдастық орнату жайы талқыланды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Қос тарап бұған дейін 2023 жылы кездескен. Сол сапар барысында 20-дан астам іскерлік келісім жасалды.
Алматы облысы мен Шэньси провинциясы арасындағы достық қарым-қатынас 2017 жылдан басталады. Өткен жылы 17 маусымда өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Соның нәтижесінде кең ауқымды әрі мазмұнды жұмыстар атқарылды.
Марат Елеусізұлы өз сөзінде Сиань қаласы Қытайдағы тарихи әрі экономикалық маңызды орталық екенін атап өтті. Мұндай кездесулер достық және ынтымақтастықтың одан әрі артуына ықпал ететінін жеткізді.
«Биыл Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 34 жыл толды. Осы уақыт ішінде екі ел құрметке және стратегиялық әріптестікке негізделген үлгілі қарым-қатынас қалыптастырды.
Алматы облысы – Қазақстанның ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Экономикалық өсім бойынша облыстар арасында 5-орында тұр. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, логистика, көлік инфрақұрылымы және туризм саласы белсенді дамып келеді.
Қытай Халық Республикасы – өңіріміздің негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі. Соңғы үш жыл ішінде өзара сауда көлемі тұрақты түрде 1 миллиард АҚШ долларынан асты. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 1 миллиард 257 миллион АҚШ долларына жетті, – деген аймақ басшысы бірлесіп атқарылып жатқан жұмыстар жайына тоқталды.
Айтуынша, Шэньси провинциясы даму жолында жүйелі әрі сараланған тәсілді ұстанып отыр. Ірі халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруда мол тәжірибеге ие. Достық байланыстың арқасында облыстың инвестициялық «Tehnograd» компаниясы Шэньсидің «Жібек жолы Юньто (Сиань)» технологиялық даму компаниясымен бірлесіп, ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндірудің толық циклін қалыптастыруда. Өткен жылы сәуір айында провинция студенттері өңірге келіп, білімін жетілдірген.
Марат Сұлтанғазиев екіжақты қарым-қатынастың қарқынды дамуын ескере отырып, Қазақстанда робототехника, жасанды интеллект, мұнай-газ саласындағы машина жасау және компьютер инженериясы бағыттары бойынша шеберханалар ашуды ұсынды. Тіпті екі ел халқы бір-бірінің дәстүрі мен мәдениетін тереңірек тануы үшін Жол картасын әзірлеп, Мемлекеттік телеарналар мен медиаплатформалар арасындағы байланысты дамыту, тәжірибе алмасу және БАҚ саласында бірлескен медиажобаларды жүзеге асыру туралы ұсыныс айтылды. Экспорт көлемін арттыру, сапа стандарттарына сай ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарыққа шығару, жүгері және басқа да дәнді дақылдарды терең өңдеу саласында бірлескен жобаларды іске асыру мәселесі де талқыланды. Бұдан бөлек Алматы облысының студенттеріне Шэньси провинциясының жоғары оқу орындарына тегін білім гранттарын бөлу жайы да сөз болды.
Алдағы уақытта екі жақты ынтымақтастық одан әрі тереңдей түспек.

Другие новости

«Закон и Порядок»: Олжас Бектенов провел заседание Штаба по противодействию наркопреступности

«Закон и Порядок»: Олжас Бектенов провел заседание Штаба по противодействию наркопреступности

Премьер-министр РК Олжас Бектенов провел заседание...

  01.06.2026   129
«Заң мен тәртіп»: Олжас Бектенов Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі штаб отырысын өткізді

«Заң мен тәртіп»: Олжас Бектенов Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі штаб отырысын өткізді

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Нашақорлықтың а...

  01.06.2026   135
Время беззаботной радости

Время беззаботной радости

В Балхашском районе ко Дню защиты детей прошли пра...

  01.06.2026   130
Фундамент дома согласия

Фундамент дома согласия

В областном центре был дан старт строительству одн...

  01.06.2026   126
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.