Четверг, 30 Июля 2026

Алматы облысында қалдықтарды өңдейтін зауыт құрылысы басталды

Алматы облысында қалдықтарды өңдейтін зауыт құрылысы басталды

Алматы облысының Қарасай ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, оны қайта өңдейтін зауыт құрылысы басталды. Кешен жылына 450 мың тонна қалдықты сұрыптап, 14 мың тоннадан астам шикізатты қайта өңдеп шығаруға қауқарлы. Бұл өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға оң ықпал етеді. Сонымен қатар 300-ге жуық тұрғынды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді,– деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін Әйтей ауылында «ONDEU» зауытының негізі қаланып, уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, бұл бастама ұзақ мерзімді мемлекет саясатының маңызды құрамдас бөлігі екенін айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық ахуалды түбегейлі жақсарту кезек күттірмейтін, стратегиялық маңызы зор міндеттердің бірі екенін үнемі атап өтеді. Қоқысты өңдеу жүйесін реттемей, өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес.

Әйтей ауылы маңындағы бұл полигонда 40 жылға жуық уақыт бойы қоқыс жиналған. Қалдық көлемі күннен күнге артып барады. Ал оны жай ғана жинап қою – мәселені шешу емес, оны уақытша шегеру ғана. Сондықтан бізге қалдықтарды қайта өңдеп, кәдеге жаратуға мүмкіндік беретін жүйелі шешім қажет.

Біз ертеңгі ұрпаққа экологиясы таза, өндірісі дамыған, табиғаты бай мемлекетті аманаттауға міндеттіміз. Бүгінгі шара осы игі мақсатқа қызмет етеді», – деген аймақ басшысы жобаның жүзеге асуына атсалысып жатқан инвесторларға, инженерлер мен құрылысшыларға ризашылығын білдірді.

Жобаның жалпы құны – 15 миллиард теңге. Кешен 5 гектар аумақты қамтиды. Қатты тұрмыстық қалдықтар «Suzhou JONO» компаниясының 100 пайыз автоматтандырылған технологиясы арқылы сұрыпталады. Соның нәтижесінде төрт түрлі таза шикізат – шыны, қағаз, пластик және металл бөлініп алынады. Ал қайта өңдеуге келмейтін қалдықтардан RDF балама отыны дайындалады. Осылайша қоқыс қайтадан экономикалық айналымға енеді.

Эко-кластердің екінші кезеңі пластик қалдықтардан жаңа өнім жасалатын «Bottle to Bottle» жобасы болмақ. Мұнда «ONDEU» кешенінен алынған 3000 тоннадан астам пластик терең өңделеді. Бұл кешеннің құны – 10,5 миллиард теңге. Қазіргі таңда құжаттары рәсімделуде.

Зауыт құрылысы 2027 жылдың соңында аяқталады. Осылайша, жоба экологиялық мәселелерді шешуге септігін тигізіп, өңірдің тұрақты дамуына серпін береді.

Другие новости

Формула-1 на озерной глади

Формула-1 на озерной глади

Алматинская область рассматривает возможность прин...

  29.07.2026   108
В Астане стартовал Всемирный фиджитал-саммит в рамках «Игр Будущего»

В Астане стартовал Всемирный фиджитал-саммит в рамках «Игр Будущего»

Столица принимает Phygital Sports Summit Astana 20...

  29.07.2026   102
Сайлауалды дода: ЖСДП мен Қазақстан Халық партиясы солшыл саяси флангтағы көшбасшылық үшін күресті жалғастыруда

Сайлауалды дода: ЖСДП мен Қазақстан Халық партиясы солшыл саяси флангтағы көшбасшылық үшін күресті жалғастыруда

Құрылтай депутаттарын сайлау алдындағы үгіт-насиха...

  29.07.2026   111
Предвыборная гонка – ОСДП и НПК продолжают борьбу за лидерство на левом политическом фланге

Предвыборная гонка – ОСДП и НПК продолжают борьбу за лидерство на левом политическом фланге

Продолжается активная фаза агитационной кампании п...

  29.07.2026   112
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.