Четверг, 06 Августа 2026

Алматы облысындағы туристік орындардан 200 тоннадан астам қоқыс жиналды

Алматы облысындағы туристік орындардан 200 тоннадан астам  қоқыс жиналды

Бүгін Алматы облысындағы  Күрті су қоймасында ауқымды сенбілік өтті. Оған ауыл тұрғындары, жастар, еңбек ұжымдары мен еріктілер қатысты. 800-ге тарта адам көздің жауын алатын Күртінің айналасынан 5 тоннаға жуық қоқыс жинады.

Үш күндік демалыста өңірдегі туристік нысандардың тазалығына ерекше ден қойылған. «Тазалық күні» акциясы «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жалғасып жатыр. Күрті су қоймасы аты аңызға айналған «Қыз Жібек» көркем фильмі арқылы халыққа кең танылған мекен. Тарихи аймақ қазір қайта жанданып, туристер жиі келетін демалыс орнына айналған. Бұл жерге күніне 1500-2000-ға жуық саяхатшы келеді. Сондықтан тұмса табиғаттың тазалығы басты назарда. Бүгінгі сенбілікке облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев те атсалысып, экологиялық мәдениетті сақтаудың маңызына тоқталды.

«Алматы облысында қызықтап-көретін табиғаты ерекше нысандар көп. Өзен-көл, тау-қыратымен қоса жазық даласы да жанға жайлылық сыйлайды. Ал Іле ауданына келген қонақ дархан даланың кереметіне куә болады. Қазіргі таңда Күрті су қоймасы үлкен танымалдыққа ие болып, туристердің сүйікті мекеніне айналған. Сондықтан аумақтың таза әрі жайлы болуы маңызды», – деді өңір басшысы.  

Айта кетейік, «Тазалық күні» акциясы облыстағы танымал туристік бағыттардың бәрінде қызу жүргізілуде. Атап айтқанда, 
Кеген ауданы: Көлсай, Қайыңды көлдері;  Ұйғыр ауданы: «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі; Еңбекшіқазақ ауданы: Есік көлінің жағалауы; Жамбыл ауданы: Үңгіртас ауылындағы «Жер кіндігі» туристік нысаны; Райымбек ауданы: Шалкөде жайлауы және Тұзкөл көлінің жағасы; Қонаев қаласы: «Алматы–Өскемен» тасжолы бойы мен «Көшпенділер қалашығы» аумағы; Талғар ауданы: Талғар өзенінің бойы; Балқаш ауданы:  Жиделі ауылдық округінде орналасқан «Завидово» туристік кешені;  Іле ауданы: Первомай тоғандары, «Sokol» спорттық-техникалық кешені, «Рыбацкая усадьба» демалыс орны, «Tortuga» демалыс базасы және «Dubai Resort» аквапаркі; Алатау қаласы: «Еңбек» және «Заречный» шағын аудандары. Облыс бойынша бүгінгі тазалық жұмыстарына  12 мыңға жуық адам қатысып, 135 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 205 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық жиналып, арнайы полигонға шығарылды.

«Кең байтақ жеріміздің көркін сақтау – әрқайсымыздың міндетіміз. Бүгін сенбілікке қатысып, сұлу мекеннің сәнін кетірген қоқыстарды жинадық. Мұнда отбасымызбен жиі келіп тұрамыз. Көздің жауын алатын табиғат жауһарын қорғау –баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз», – деп атап өтті
сенбілікке қатысқан Ақши ауылының тұрғыны Мөлдір Тоғаева.

«Тазалық күні» акциясы ертең, яғни 3 мамыр күні де жалғасып, үш күн бойы өңірдегі туристік бағыттарда жүргізілген тазалық шаралары қорытындыланады.

Другие новости

ЦИК проверил готовность Алматинской области к выборам депутатов Курултая

ЦИК проверил готовность Алматинской области к выборам депутатов Курултая

Секретарь Центральной избирательной комиссии Шавха...

  06.08.2026   82
Согласие как стратегия

Согласие как стратегия

От того, насколько люди умеют слышать и уважать др...

  06.08.2026   320
Казахстану нужен новый уровень контроля: что предлагают ученые на фоне развития атомной энергетики

Казахстану нужен новый уровень контроля: что предлагают ученые на фоне развития атомной энергетики

Радиационный фон нужно зафиксировать уже сегодня.П...

  06.08.2026   126
Радиоэкологический мониторинг приграничных территорий Казахстана в условиях развития атомной энергетики Центральной Азии

Радиоэкологический мониторинг приграничных территорий Казахстана в условиях развития атомной энергетики Центральной Азии

Развитие атомной энергетики становится одним из кл...

  06.08.2026   120
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.