Среда, 02 Сентября 2026

ӘДЕП ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ ӨЛШЕМДЕРІНІҢ БІРІ

ӘДЕП ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ ӨЛШЕМДЕРІНІҢ БІРІ

Мемлекеттік қызмет – халықтың мемлекетке деген сенімі қалыптасатын маңызды сала. Сондықтан мемлекеттік қызметшінің кәсібилігі атқарылған жұмыстың нәтижесімен ғана емес, азаматтармен қарым-қатынас мәдениетімен, заң талаптарын сақтауымен, жауапкершілігімен және әдептілігімен де бағаланады.

Іле ауданының мемлекеттік органдарында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және бұзушылықтардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Әдеп жөніндегі уәкіл қызметінің негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру, консультативтік көмек көрсету, ұжымдарда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал ету.

Бұл ретте басты басымдық жазалау шараларына емес, құқық бұзушылықтардың алдын алуға беріледі. Мемлекеттік қызметші өзіне қойылатын талаптарды нақты түсініп, қызметтік міндетін орындау барысында заңдылық, әділдік, ашықтық, адалдық және бейтараптық қағидаттарын басшылыққа алуы қажет.

Әсіресе, азаматтармен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Мемлекеттік органға жүгінген азаматтың мәселесін мұқият тыңдау, өтінішін жан-жақты және объективті қарау, қабылданған шешімді заң талаптарына сәйкес түсіндіру – мемлекеттік қызмет көрсету мәдениетінің ажырамас бөлігі.

Осы бағытта Іле ауданында мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, жеке консультативтік көмек көрсетіледі. Қызметтік әдеп нормаларын сақтау, азаматтармен қарым-қатынас, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары және ұжымдағы өзара сыйластық мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметші жұмыс уақытында ғана емес, қоғамда да мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуі тиіс. Себебі мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқы мен іс-әрекеті арқылы азаматтардың тұтас мемлекеттік аппаратқа деген көзқарасы қалыптасады.

Бүгінгі мемлекеттік қызметші – тек белгілі бір міндетті орындайтын маман емес. Ол – мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты қамтамасыз ететін, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуына жауапты тұлға.

Сондықтан мемлекеттік қызметте әдеп нормаларын сақтау формалды талап ретінде қабылданбауы керек. Әдептілік, адалдық, әділдік пен жауапкершілік әрбір мемлекеттік қызметшінің күнделікті жұмыс қағидатына айналғанда ғана халық сеніміне ие кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптасады.

Халыққа адал қызмет ету – мемлекеттік қызметшінің басты міндеті. Ал сол міндетті заң мен әдеп талаптарын сақтай отырып орындау – қоғам алдындағы жауапкершіліктің көрінісі.

АСҚАР САДЫҚОВ
Іле ауданы әкімі аппаратының
Әдеп жөніндегі уәкілі

Другие новости

ӘДЕП ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ ӨЛШЕМДЕРІНІҢ БІРІ

ӘДЕП ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ ӨЛШЕМДЕРІНІҢ БІРІ

Мемлекеттік қызмет – халықтың мемлекетке деген сен...

  02.09.2026   59
Абай облысында үш теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды

Абай облысында үш теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды

Абай облысында Үшбиік, Шар және Жарма станцияларын...

  31.08.2026   176
Домашний вкус без химии

Домашний вкус без химии

С первыми весенними днями на участке Қуата Жазықбе...

  31.08.2026   216
Куриные лапки нарасхват

Куриные лапки нарасхват

Отечественный бизнес охватывает самые разные напра...

  31.08.2026   160
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.