Суббота, 17 Октября 2026

Индустриальная көшесіне 2000-нан астам арша егіліп жатыр

Индустриальная көшесіне 2000-нан астам арша егіліп жатыр

Қонаев қаласындағы Индустриальная көшесін көгалдандыру жалғасуда. Қазір мұнда 2050 арша отырғызылып жатыр. Жұмысты «Жасыл қала Қонаев» коммуналдық мекемесінің қызметкерлері атқаруда.

Бұған дейін осы көшеге 1000 қараған, 15 қарағай, 10 терек, 100 катальпа және жеміс ағаштары егілген болатын. Енді олардың қатары аршамен толықтырылып жатыр.

Арша жыл бойы жасыл түсін сақтайды. Сондықтан ол көшенің көркін суық мезгілде де кіргізіп, айналаның әдемі көрінуіне ықпал етеді. Ал қараған, қарағай, терек, катальпа мен жеміс ағаштары көше бойын жасыл желекке бөлеп, аумақтың ажарын аша түседі.

Индустриальная көшесі – қалаға кіреберістегі негізгі көшелердің бірі. Сондықтан оның таза әрі жасыл болуы Қонаевтың тартымды келбеті үшін маңызды.

Күзгі көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Жалпы биыл қалада 18 мыңға жуық ағаш отырғызылды.

Другие новости

На улице Индустриальной высаживают более 2000 можжевельников

На улице Индустриальной высаживают более 2000 можжевельников

В городе Конаев продолжаются работы по озеленению...

  17.10.2026   56
Индустриальная көшесіне 2000-нан астам арша егіліп жатыр

Индустриальная көшесіне 2000-нан астам арша егіліп жатыр

Қонаев қаласындағы Индустриальная көшесін көгалдан...

  17.10.2026   74
«Таза Қазақстан»: в городе Алатау проведены осенние уборочные работы

«Таза Қазақстан»: в городе Алатау проведены осенние уборочные работы

В рамках экологической программы «Таза Қазақстан»...

  16.10.2026   181
Чистота должна стать нормой

Чистота должна стать нормой

Любая работа по благоустройству имеет смысл только...

  16.10.2026   99
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.