61 саяжай-коопертиві ауыл шекарасына енгізілді: Ащыбұлақ тұрғындары әкіммен кездесуде қандай мәселелер көтерді?
Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетовтің тұрғындармен кездесулері жалғасуда. Бұл жолы аудан басшысы Ащыбұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесті.
Кездесуде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жақсарту және тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелер талқыланды.
Жиында ең көп көтерілген мәселелердің бірі – саяжай кооперативтеріне елді мекен мәртебесін беру. Аудан әкімінің айтуынша, бүгінде төрт ауылдың бас жоспары бекітіліп, олардың шекарасына 61 саяжай енгізілген. Қалған елді мекендер бойынша жұмыстар жалғасуда.
Тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Қайыржан Жақсымбетов көтерілген мәселелерге жауап беріп, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді.
Кездесу соңында аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.






