Пятница, 16 Октября 2026

Қонаевта «Ауылым – алтын бесігім» мәдени күндері өтті

Қонаевта «Ауылым – алтын бесігім» мәдени күндері өтті

Қазақ үшін ауыл – ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрдің қайнар көзі. Осы мұраны дәріптеп, өнер мен дәстүр сабақтастығын нығайту мақсатында Қонаев қаласында «Ауылым – алтын бесігім» атты аудан және қала мәдениет күндеріне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік шара аясында ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдары, этностильдегі киім үлгілері мен отандық өнімдер көрмесі ұйымдастырылды. Шеберлердің туындылары арқылы халқымыздың бай мұрасы, ұлттық өнердің ерекшелігі мен дәстүр сабақтастығы таныстырылды.

Іс-шарада сөз сөйлеген Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов ұлттық мұраны сақтаумен қатар, мәдениет нысандарын дамыту мен шығармашылық ұжымдарды қолдаудың маңызын атап өтті.

«Ауыл мәдениетін дәріптеу – ұлттық мұрамызды сақтау мен ұрпақ сабақтастығын нығайтудың маңызды жолы. Қонаев қаласында мәдениет саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Қалалық кітапхана мен Мәдениет үйі жөнделді, орталық алаңның сахнасы жаңартылды. Биыл Сарыбұлақ ауылында мәдени-демалыс клубы ашылды. Қаладағы 10 ескерткішті абаттандыру және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді», – деді қала әкімі.

Сонымен қатар шаһар басшысы шығармашылық ұжымдардың жаңарып, мәдени бастамалардың көбейіп келе жатқанын жеткізді.

«Қонаев әуендері» ансамблі құрылды. Биыл Жастар театры жұмысын бастап, 6 спектакльді репертуарына енгізді. Бұл бастамалар – ұлттық өнерді қолдауға және қаламыздың мәдени өмірін байытуға бағытталған маңызды қадамдар. Ұлттық өнеріміз өркендеп, дәстүріміз жалғасын тапсын! Еліміз аман, бірлігіміз бекем болсын!» – деді Асхат Бердіханов.

Шараға алғаш рет қатысқан «Қазыналы» ансамблінің жетекшісі Фатима Ақылбекова ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, мұндай басқосулар жұртшылықты ортақ құндылықтар төңірегіне біріктіріп, ұлттық өнер мен дәстүрді кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.

Мерекелік бағдарламаның маңызды бөлігі Мәдениет үйінде ұсынылған «Арман қала – Қонаев» атты театрландырылған қойылым болды. Қойылымда Қонаев қаласына қоныс аударған жас отбасылардың арманы, ана мен бала арасындағы байланыс, аға буынның күнделікті өмірі және тазалық мәдениеті тақырыптары қамтылды. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» акциясының мәні мен қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызы көрініс тапты. Әнмен өрілген қойылым көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Айта кетейік, «Ауылым – алтын бесігім» мәдени күндері алдағы уақытта Балқаш, Қарасай және Жамбыл аудандарында жалғасады. Шаралар қорытындысында үздік өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар анықталып, марапатталады.

Другие новости

К истокам народной культуры

К истокам народной культуры

В Доме культуры города Қонаев состоялось масштабно...

  16.10.2026   83
В Конаеве прошли Дни культуры «Ауылым – алтын бесігім»

В Конаеве прошли Дни культуры «Ауылым – алтын бесігім»

Для казахского народа село – источник национальных...

  16.10.2026   65
Қонаевта «Ауылым – алтын бесігім» мәдени күндері өтті

Қонаевта «Ауылым – алтын бесігім» мәдени күндері өтті

Қазақ үшін ауыл – ұлттық құндылықтар мен салт-дәст...

  16.10.2026   74
«Ауылым – алтын бесігім»: город Алатау представил национальное искусство

«Ауылым – алтын бесігім»: город Алатау представил национальное искусство

В городе Алатау Алматинской области в рамках конку...

  16.10.2026   75
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.