Понедельник, 14 Сентября 2026

Заңгерлік мансапқа бастар жол:Адвокаттық және нотариаттық қызметке аттестаттау тәртібі

Заңгерлік мансапқа бастар жол:Адвокаттық және нотариаттық қызметке аттестаттау тәртібі

Қазақстан Республикасында адвокаттық және нотариаттық қызмет - бұл азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы ең жауапты салалардың бірі.

Бұл бағытта қызмет атқарғысы келетін әрбір үміткер заң талаптарына сай келіп, мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтуі тиіс. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің адвокаттық қызметке қатысты тиісті бұйрығы мен нотариаттық қызметті реттейтін бұйрықтарына сәйкес, үміткерлерге қойылатын талаптар мен іріктеу тәртібі нақты регламенттелген.
ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР
Адвокат болу үшін: Үміткер Қазақстан Республикасының азаматы болуы, жоғары заңгерлік білімі болуы және адвокаттар алқасында немесе кемінде бес жыл тәжірибесі бар адвокаттың жетекшілігімен 6 айдан 1 жылға дейінгі тағылымдамадан өтуі міндетті.
Нотариус болу үшін: Үміткер 25 жасқа толған ҚР азаматы, жоғары заңдық білімі бар, заңгерлік мамандық бойынша кемінде 2 жыл еңбек өтілі бар және нотариустың бақылауымен кемінде 1 жыл тағылымдамадан өткен тұлға болуы тиіс.
ҚҰЖАТ ТАПСЫРУ ЖӘНЕ ҚАРАУ ТӘРТІБІ
Аттестаттауға қатысу үшін үміткерлер «E-license» лицензиялау базасы арқылы өздері қалаған өңірдің Әділет департаментіне электронды түрде өтініш жібереді. Өтінішке диплом, тағылымдамадан өткенін растайтын құжаттар және еңбек кітапшасы тіркеледі.
Әділет департаменті құжаттардың толықтығын 2 күн ішінде тексереді. Құжаттар тіркелген сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралып, оң шешім қабылданған жағдайда үміткерге тестілеу күні мен орны туралы ресми хабарлама жіберіледі.
АТТЕСТАТТАУ КЕЗЕҢДЕРІ
Бұл сынақ екі негізгі кезеңнен тұрады:
1-кезең: Заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеу (100 сұрақ). Бұл кезеңде үміткер салалық кодекстер мен заңдар бойынша өз білімін көрсетеді.
2-кезең: Практикалық дағдылардың деңгейін тексеруге арналған тестілеу (3 ситуациялық жағдай бойынша 12 сұрақ).
Маңызды көрсеткіштер: Бірінші кезеңде сұрақтардың жалпы санының кемінде 70%-на дұрыс жауап берген үміткер тестілеуден өткен болып есептеледі. Ал дұрыс жауаптар 65% пен 70% аралығында болса да, бұл екінші кезеңге өтуге негіз болады.
Аттестаттау нәтижесі бойынша берілген сертификат шығарылған күннен бастап үш жыл бойы жарамды болып табылады. Егер үміткер қажетті балды жинай алмаса, тестілеу өткізілген күннен бастап 3 ай өткен соң өтінішін қайта бере алады.
Бұл шаралар құқықтық көмек пен мемлекеттік қызмет көтеру сапасын арттырып, салаға кәсіби мамандардың келуін қамтамасыз ететін маңызды қадам болып табылады. Барлық үміткерлерге сәттілік тілейміз!


  Айша Қалиақпар,
Алматы облысы  Әділет департаментінің 
құқықтық түсіндіру жұмысы және 
заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы

Другие новости

Изменился порядок нотариального оформления сделок с недвижимостью

Изменился порядок нотариального оформления сделок с недвижимостью

С 8 сентября 2026 года в Казахстане изменился поря...

  14.09.2026   80
Нотариустардың нотариаттық іс-әрекетіне өзгерістер күшіне енді

Нотариустардың нотариаттық іс-әрекетіне өзгерістер күшіне енді

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі хабарлай...

  14.09.2026   75
Заңгерлік мансапқа бастар жол:Адвокаттық және нотариаттық қызметке аттестаттау тәртібі

Заңгерлік мансапқа бастар жол:Адвокаттық және нотариаттық қызметке аттестаттау тәртібі

Қазақстан Республикасында адвокаттық және нотариат...

  14.09.2026   82
Телевидение укрепляет позиции среди источников информации в Казахстане – социсследование

Телевидение укрепляет позиции среди источников информации в Казахстане – социсследование

Фото: kipd.kzИнформационная среда Казахстана сохра...

  14.09.2026   92
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.