Воскресенье, 18 Октября 2026

Саяжай сақтала ма, құрылыс қалай жүргізіледі? Қонаевта тұрғындармен кездесу өтті

Саяжай сақтала ма, құрылыс қалай жүргізіледі? Қонаевта тұрғындармен кездесу өтті

Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов саяжай тұрғындарымен кездесіп, Бас жоспарға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесуде тұрғындар саяжай аумағында көпқабатты немесе орта қабатты үйлер салынбай, жеке тұрғын үйлер сақталуын қалайтындарын жеткізді. Сондай-ақ жер учаскелерінің нысаналы мақсатын саяжайдан жеке тұрғын үй құрылысына ауыстыру мәселесін көтерді. Бұдан бөлек, ауыз су мен газ тарту, жол салу жобаларының жүзеге асуына қатысты сұрақтарын қойды.

Бас жоспарды әзірлеген «Урбостиль» ЖШС бас директоры Любовь Нысанбаева құжаттың негізгі мақсатына тоқталды.

«Бас жоспар ұзақ мерзімді даму әлеуетіне қарай есептеліп, жасалады. Бұл – қаланың басты құжаты. Онда инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту, тұрғын үй кешендерін, әлеуметтік, әкімшілік нысандарды салу – барлығы қамтылған», – деді Любовь Нысанбаева.

Сонымен қатар ол саяжай аумағын сүріп тастау жоспарда жоқ екенін баса айтты. Жеке меншік құқығындағы жер учаскелеріне қатысты мәселелер заң аясында қаралуы тиіс.

Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы бөлімінің басшысы Руслан Алтыбаев саяжай аумағындағы құрылыс түрлері мен үйлердің қабаттылығы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы кезінде қарастырылатынын айтты. Бұл ретте функционалдық аймақтарды өзгеріссіз қалдыру көзделіп отыр.

Жобаны әзірлеу мерзімі 2027 жылға қалуы мүмкін, себебі бюджеттік өтінім енді беріледі. Тапсырыс беруші ретінде Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы немесе Қонаев қаласының тиісті бөлімі қарастырылуда.

Қала әкімі Асхат Бердіханов тұрғындардың ұсыныстары назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Оның сөзінше, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу барысында тұрғындармен қоғамдық тыңдау өткізіледі.

«Бұған дейін жасалған инженерлік желілерді тарту жобалары өзгертілмейді. Олардың ішінде ауыз су және газ тарту жобалары биыл мемлекеттік сараптамадан өтеді. Кейіннен жол және басқа да инфрақұрылымды дамыту мәселелерін қарастырамыз», – деді шаһар басшысы.

Қоғамдық тыңдаудың өтетін күні қосымша хабарланады.

Другие новости

Сохранятся ли дачные участки и как будет вестись застройка? В Конаеве прошла встреча с жителями

Сохранятся ли дачные участки и как будет вестись застройка? В Конаеве прошла встреча с жителями

Аким города Конаев Асхат Бердиханов встретился с ж...

  18.10.2026   82
Саяжай сақтала ма, құрылыс қалай жүргізіледі? Қонаевта тұрғындармен кездесу өтті

Саяжай сақтала ма, құрылыс қалай жүргізіледі? Қонаевта тұрғындармен кездесу өтті

Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов саяжай тұр...

  18.10.2026   66
Более 120 мероприятий: как в Астане отметят День Республики

Более 120 мероприятий: как в Астане отметят День Республики

25 октября в Казахстане отметят День Республики. В...

  17.10.2026   179
120-дан астам іс-шара: Астанада Республика күні қалай атап өтіледі

120-дан астам іс-шара: Астанада Республика күні қалай атап өтіледі

25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтілед...

  17.10.2026   177
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.