Қонаевта Республика күніне орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылмақ
Айтулы мереке қарсаңында 23 қазан күні Мәдениет үйінде салтанатты кеш өтеді. Кеш барысында қала әкімі Асхат Бердіханов шаһардың қоғамдық өміріне араласып, ел дамуы жолында еңбек етіп жүрген бірқатар азаматты марапаттайды. Кеш концерттік бағдарламаға жалғасады.
Ал 24 қазан күні «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізіп, айналаны көгалдандыру жоспарлануда. Бұдан бөлек, таңертең «Айша сити» базарында «Дала дәмі» жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Кешкі 16.00-де Шеңгелді ауылында «Respublika live» Open air концерті өтеді.
25 Қазан – Республика күні қаланың орталық алаңында салтанатты ту көтеру рәсімі ұйымдастырылады.
#ДеньРеспублики







