Вторник, 27 Октября 2026

Republic Day және Bereke Fest акцияларының соңғы күні: мерекелік жеңілдіктерді пайдаланып үлгеріңіз

Republic Day және Bereke Fest акцияларының соңғы күні: мерекелік жеңілдіктерді пайдаланып үлгеріңіз

27 қазанда Қазақстанда Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары аяқталады. Тұтынушылардың тауарларды арнайы бағамен сатып алып, сауда орындарының мерекелік ұсыныстарын пайдаланып үлгеруіне бір күні қалды.

Еліміздің барлық өңірін қамтыған ауқымды акцияларға сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілері, сондай-ақ маркетплейстер қатысуда. Тауарлардың жекелеген санаттарына 50%-ға дейін жеңілдіктер қарастырылған.

Акцияларға 649 сауда нысаны қосылды. Оның ішінде Republic Day аясында 232 сауда-ойын-сауық орталығы, сауда орталығы мен сауда үйі және 417 сауда желісі қатысуда.

Republic Day акциясы аясында сатып алушыларға киім-кешек, аяқ киім, тұрмыстық техника, үйге қажетті заттар және басқа да тауарлар арнайы бағамен ұсынылуда. Ал Bereke Fest акциясы азық-түлік, күнделікті тұтыну тауарлары мен тұрмыстық химия өнімдерін тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен және аумақтық департаменттермен бірлесіп, акцияларды ұйымдастырып,  сауда кәсіпорындарын тарту бойынша үйлестіру жұмыстарын жүргізді.

Еске саламыз, 27 қазан - Republic Day және Bereke Fest акцияларының соңғы күні.  Ал жеңілдіктер мөлшері, акцияға қатысатын тауарлардың ассортименті және оларды сатып алу шарттары сауда нысанына байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

Другие новости

Alatau City берет новую высоту

Alatau City берет новую высоту

В Alatau City началось строительство небоскреба, к...

  27.10.2026   29
В Алматинской области запустили крупный мясоперерабатывающий завод

В Алматинской области запустили крупный мясоперерабатывающий завод

Ко Дню Республики в Кегенском районе Алматинской о...

  27.10.2026   38
Алматы облысында ірі ет өңдеу зауыты іске қосылды

Алматы облысында ірі ет өңдеу зауыты іске қосылды

Республика күніне орай Алматы облысының Кеген ауда...

  27.10.2026   38
Последний день акций Republic Day и Bereke Fest: успейте воспользоваться праздничными скидками

Последний день акций Republic Day и Bereke Fest: успейте воспользоваться праздничными скидками

27 октября в Казахстане завершаются республикански...

  27.10.2026   89
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.