Пятница, 02 Октября 2026

Әр әдісінде — қайсарлық: Екатерина Токарева Азия ойындарының қола жүлдегері

Әр әдісінде — қайсарлық: Екатерина Токарева Азия ойындарының қола жүлдегері

Екатерина Токарева Азияның басты спорт додасында Алматы облысының намысын абыроймен қорғады. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсеткен дзюдошы әйелдер арасында 78 келіге дейінгі салмақта ХХ жазғы Азия ойындарына қатысып, қола медальға ие болды.
Спортшының жүлдеге бастар жолы Филиппин өкілі Киёми Ватанабэге қарсы сенімді жеңістен басталды. Екатерина қарсыласын иппонмен ұтып, белдесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Ширек финалда ол Оңтүстік Корея спортшысы Минджу Кимге жол берді. Алайда бұл жеңіліс оның жарысты жалғастыруына кедергі болған жоқ. Жұбаныш белдесуінде Екатерина Қытай Тайбэйінің өкілі Шу Хуэй Хсу Ванды жеңіп, қола медаль үшін белдесуге жолдама алды.
Үшінші орын үшін болған шешуші белдесуде Токарева Иран спортшысы Марьям Барбатпен кездесті. Қазақстандық дзюдошы жеңіске жетіп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл медаль Екатеринаның халықаралық аренадағы кезекті жарқын жетістігі болып, Жапониядағы Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір жүлде қосты.
29 жастағы спортшының халықаралық жарыстарда жинаған тәжірибесі мол. Оның спорттық қоржынында 2024 жылы Ташкентте өткен әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатының қола медалі, 2024 жылғы Азия чемпионатының командалық сайысындағы қола жүлде, сондай-ақ бірқатар халықаралық турнирлердегі жүлделі орындар бар.
Екатерина Токареваның бұл жетістігі Алматы облысы үшін де айрықша маңызды. Ол Жапония татамиінде Қазақстанның ғана емес, өзінің туған өңірінің де намысын қорғап, ел құрамасының сапында ХХ Азия ойындарында жоғары нәтиже көрсетті.
Екатеринаның Азия ойындарындағы қоласы — табандылықтың, тәжірибенің және жеңіске деген жігердің жарқын нәтижесі.

Лилиана Штогрина.

Другие новости

Сила характера — в каждом броске: Екатерина Токарева — бронзовый призёр Азиады

Сила характера — в каждом броске: Екатерина Токарева — бронзовый призёр Азиады

Екатерина Токарева достойно представила Алматинску...

  02.10.2026   79
Әр әдісінде — қайсарлық: Екатерина Токарева Азия ойындарының қола жүлдегері

Әр әдісінде — қайсарлық: Екатерина Токарева Азия ойындарының қола жүлдегері

Екатерина Токарева Азияның басты спорт додасында А...

  02.10.2026   90
Абиба Абужакынова стала двукратной серебряной призёркой Азиатских игр

Абиба Абужакынова стала двукратной серебряной призёркой Азиатских игр

На проходящих в японской префектуре Аичи и городе...

  30.09.2026   174
Елдос Сметов спустя 12 лет вновь завоевал медаль Азиатских игр

Елдос Сметов спустя 12 лет вновь завоевал медаль Азиатских игр

На Международной арене Аичи в Японии сборная Казах...

  30.09.2026   168
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.