Четверг, 21 Августа 2025

Майдандағы медбике – Оксана Бетебаева

Майдандағы медбике – Оксана Бетебаева

Оксана Бетебаева Қонаев қаласындағы жалғыз ҰОС ардагері. Ол 7 қазан 1920 жылы дүниеге келген. Медучилищені тәмамдаған соң, 1941 жылы соғысқа шақырылып, госпитальда медбике қызметін атқарған. Батыр қыз ІІ дәрежелі ҰОС орденімен марапатталған.

Әжейдің майдандағы және оған дейінгі өмір естеліктерімен қызы Нина бөлісті.

«Анам 8 сынып тәмамдаған, кейіннен медучилищеге түсіп, аяқтаған соң, бірден соғысқа аттанған. Қасында жерлес 20 қыз болған. Елі мен жерін қимаған қыздар пойызда еңкілдеп, етектері жасқа толып, қан майданның ортасына дөп түскен», - деді қызы.

Әжей қару алып соғыспағанымен, госпитальдағы қызметінің қиынға соққанын қызына айтыпты.

«Фугас бомбасы ғимарат төбесіне құласа, қыздардың барлығы жиналып, оны атылып кетпеуі үшін жерге лақтырған. Бұл - басшылықтың бұйрығы еді және ол еш талқыланбайды. Жан-жақтан снарядтар ұшып жатқанда қыздар жаралы жауынгерлерді бомбадан сақтаушы жерге арқалап апарып, кейін қайта госпитальға көтерген. Сөйтіп жүрген күннің бірінде әкем Бекежан Бетебаев ауыр бас жарақатымен госпитальға түскен. Есін жинағанда қайта соғысқа аттанып, 1945 жылы анамды іздеп келіп, сол жылы отау құрған», - деді Нина.

Мұнымен өмірдің соқпағы бітпейді. Оксана күйеуімен бірге 1948 жылы Берлинді қалпына келтіруге барған. Сол жерде ұлын босанады. 1949 жылы Панфилов ауданына көшіп келген. Сонда Бекежан мұғалім, Оксана медбике қызметін атқарған. Бұдан кейін Қапшағайға қоныс аударған. Жалпы әжей үш құрсақ көтерген. Қазірде ұрпақтары Қазақстан мен Германияда өмір сүреді.

«Құрбы-құрдастарымен мындаға дейін араласты. Майданды қайғыра еске алады. Әлі күнге дейін жылап та қалады. Жан-жақтан қауғалаған оқ-қарудың даусы анамның жадында жатталған. Ол ең бастысы - соғыс болмағанын, ел аман, жұрт тыныш болуын тілейді», - деп қорытындылады сөзін Нина.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл толып отыр. Оксана әжені мерекемен құттықтаған қауым көп, алайда, бұл - майданның салған жарасын еш жазбайды. Қонаев қаласы әкімдігі тарапынан әжеге 5 млн.теңге көлемінде бірреттік әлеуметтік көмек төленді.

Ер есімі - ел есінде…

Другие новости

Энергия человека труда

Энергия человека труда

Есть люди, для которых работа - не просто обязанно...

  19.08.2025   266
Мастера комфорта и уюта

Мастера комфорта и уюта

В зале талгарского районного акимата звучали слова...

  19.08.2025   251
С благодарностью за воду

С благодарностью за воду

В Талгаре есть семьи, чья жизнь неразрывно связана...

  19.08.2025   271
Мастер куполов

Мастер куполов

Когда в селе или районе появляется новый дом или м...

  19.08.2025   280
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.