Воскресенье, 01 Февраля 2026

Алматы облысы: «Сыбаға» сыйға тартқан қожалық

Елімізде мемлекеттік қолдау алып жеке шаруашылықты ұршықша иіріп отырғандардың қарасы қалың. Соның бірі Алматы облысы Балқаш ауданының тұрғыны, «Бригантина» шаруа қожалығының иесі Аршын Жақыпов.

2015 жылы ашылған қожалық тікелей мемлекеттің қолдауымен құрылған.

Ауылдағы ағайынның мал басын көбейтуге үлкен мүмкіндік беретін «Сыбаға» бағдарламасының шарапатын Аршын Жақыповта көрген.

Ең алғашқыда 15 млн.теңгеге 80 бас ірі қара мал алса, өткен жылы тағы да аталған бағдарлама арқылы 21 млн.теңге көлемінде несие алып, 60 бас жылқы сатып алу арқылы шаруашылықты кеңейте түскен. 

Жалпы айтар болсақ, қазіргі таңда «Бригантина» шаруа қожалығында 165 бас сиыр мен 125 бас жылқы малы бар.

Қожалық иесі ауыл тұрғындарын жұмыспен де қамтып отыр. 2 адам тұрақты түрде еңбек етсе, 10-ы маусымдық еңбекке тартылған. Мұндағы жұмысшылардың айлығы 150 мың теңгеден басталады.

Табыс көзіне айналған малдың етін шаруа иесі Алматы мен Қонаев қаласындағы сауда нүктелеріне сатылымға шығарады.

Ісі өрге басқан Аршын Жақыпов, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекке дән риза. Ол мал шаруашылығын дамытуға бағытталған түрлі бағдарламалар тек қана бір тұлғаның емес, тұтас өңірдің өркендеп, өсуіне мүмкіндік береді деген ойда.

«Үкіметімізге ризашылығым шексіз. Өзім «Сыбаға» бағдарламасының игілігін екі рет көрген адаммын. 6 пайызбен берілетін несиенің ең бір жеңіл тұсы, алғашқы екі жылы демалыс ретінде қарастырылған. Ол аралықта аяқтан тұруға болады. Осы сынды бағдарламалар көбей берсе екен. Шаруашылық арқылы отбасымды асырап отырмын»,-дейді  «Бригантина» шаруа қожалығының иесі Аршын Жақыпов.

Қожалық иесі алдағы уақытта ұсақ мал басын асырауды көздер отыр, таяу болашақта 1 000 бас қой өсіруді қолға алмақ.

Другие новости

Повысить внимание к пищевой безопасности

Повысить внимание к пищевой безопасности

Пищевые отравления продолжают оставаться одной из...

  01.02.2026   94
Ждет общежитие студент

Ждет общежитие студент

Одним из важных направлений развития страны остает...

  31.01.2026   184
Стремление творить добро

Стремление творить добро

Молодые казахстанские предприниматели все чаще сов...

  30.01.2026   257
Вдохновляясь величием земли

Вдохновляясь величием земли

Посетить село Акши, из-за отдаленности его от райо...

  30.01.2026   297
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.