Воскресенье, 01 Февраля 2026

Балқаш ауданында 165 ірі қара малға ауруға қарсы екпе салынды

Бірлік ауылындағы «Бригантина» шаруа қожалығындағы 165 бас сиырға ауруға қарсы екпе салынды. Сондай -ақ, олардан ауруды анықтау үшін қан алынды.

Қазіргі таңда ауданда жануарлардың 13 түрлі аса қауіпті ауруына қарсы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп, 4 айлық жоспар 100%-ға орындалған.

Балқаш ауданында жалпы саны 108 549 бас МІҚ, 105317 ҰММ, 26514 мың жылқы, 86 бас түйе және 819 бас шошқа бар.

Осы уақытқа дейін, аймақтағы 30 733 бас ірі қара мен 41 598 бас ұсақ малдың қаны алынып, бруцеллез ауруына зерттелген. Зертхана нәтижесінде 10 бас ірі қарадан аталмыш індет анықталған.

Балқаш ауданының ветеринария станциясының директоры Қайсар Соқабаевтың айтуынша, профилактикалық шаралар аурудың жиілігіне орай 21, 14 күн сайын қайталанып жүргізіледі. 
 Маманның сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда малға салынатын дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. 
Жалпы, ауданның эпизоотиялық жағдайы тұрақты. Оны бақылауда ұстау үшін өңірдегі 15 ветеринарлық пункте 110 маман еңбек етеді. 

Дегенмен бұл штаттық құрдым саны жеткіліксіз дейді, мамандар.

«Бізде мал шаруашылығы саласында қызмет ететін адам табу қиын. Жастар ауылға келіп еңбек етуден қашады. Жұмыс оңай емес. Жалақы мөлшеріде аз. Сондықтан да, маман тапшылығы байқалады. Осыған билік тарапынан көңіл бөлінсе иегі болар еді»,-деп ағынан жарылды  Қайсар Сапарбекұлы.

Сонымен қатар, ауданда ветеринария мамандарының ақылы қызмет көрсетуіне сұраныс төмен. 

«Қаржыландыруы бюджет есебінен жүргізілетін тізбеге сәйкес жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу және диагностикалау жұмыстары ақысыз түрде атқарылады. Ал, инвазиялы ауруларға қарсы дәрілеу, хирургиялық көмек көрсету сынды қызметтерге мал иелері белгілі мөлшердегі ақысын төлеуге міндетті»,-дейді Қайсар Соқабаев.

Айта кетейік, дәл осы ветеринариялық пункттер ақылы қызмет көрсету арқылы былтыр 6,5 млн.теңге, биыл жыл басынан 980 мыңнан астам табыс тапқан, олар ғимараттар мен автокөліктерді жөндеуге және сала мамандарына сыйақы беруге қарастырылған.

Другие новости

Повысить внимание к пищевой безопасности

Повысить внимание к пищевой безопасности

Пищевые отравления продолжают оставаться одной из...

  01.02.2026   94
Ждет общежитие студент

Ждет общежитие студент

Одним из важных направлений развития страны остает...

  31.01.2026   184
Стремление творить добро

Стремление творить добро

Молодые казахстанские предприниматели все чаще сов...

  30.01.2026   257
Вдохновляясь величием земли

Вдохновляясь величием земли

Посетить село Акши, из-за отдаленности его от райо...

  30.01.2026   297
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.