Воскресенье, 19 Октября 2025

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жұмыстарын жақсарту үшін Алматы облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен 2024 жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.

2024 жылдың 1-ші жартыжылдығында департаментпен 431 өтініш қаралды. Оның ішінде: 

«Е-өтініш» бойынша – 220 өтініш, 

басшылық пен мамандардың жеке қабылдауында – 148 өтініш, 

«Жедел желі» арқылы – 52 өтініш.

Келіп түскен өтініштердің жалпы санынан: 

- 154 (35,7%) өтініш түсіндірілді, 

- 140 (32,5%) өтініш қанағаттандырылды,

- 80 (18,5%) өтініш қайта жөнелтілді, 

- 26 өтініш кері қайтарылды, 

- 31 өтініш келесі айға өтті. (6 айда)

Ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында тұтынушыларға нақты қайтарудың жалпы сомасы 3 082 220 теңге көлемінде қаражат қайтарылды.

Қайтару негізінен бөлшек сауда, тұрмыстық қызмет көрсету және электрондық сауда салаларында жүргізілді. Тұтынушылардың азық-түлік емес тауарларды айырбастау және қайтару, сапасыз сатылған тауарлар бойынша құқықтары жиі бұзылады. 

Өтініштердің сипаты бойынша (салалар бойынша):

бөлшек сауда қызметтері саласында – 124 (28,7%);

электрондық сауда саласында – 54 (12%);

тұрмыстық қызмет көрсету саласында - 34 (7,8%);

туристік қызметтер саласында – 25 (5,8%);

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері – 23 (5,3%);

қоғамдық тамақтану – 20 (4,1%);

және басқалар – 109 (25%)

2024 жылдың 1-ші жартыжылдығында көлемінде 1 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, ҚР ӘҚБтК 802-бабы 1-бөлігінің 3-тармағына сәйкес 5 кәсіпкерлік субъектісіне 5 әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту түріндегі шара қолданылды.

Департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жұмыс нәтижелері туралы хабарлау үшін 178 ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізді. Оның ішінде:брифингтер - 1, түрлі деңгейдегі іс - шаралар – 56, бриффинг – 1, БАҚ – 46, әлеуметтік желі –73, Сайт КЗПП –2.

Есепті кезеңде «Инстаграм», «Facebook» парағында 216-дан астам материалдар (посттар) жарияланды.

Тұтынушыларды ақпараттандыру, құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ қызметімен танысу мақсатында Департаментте БАҚ-та 46 материал жарияланды. 

Сапасыз және қауіпсіз емес тауарларды анықтау туралы тапсырма бойынша: «Алтын орда» базарынан 32 атаулы тауар (ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында) сатып алынып, сараптамаға ұсынылды.

Алайда сараптама қорытындысы бойынша кемшіліктер анықталған жоқ.

Ағымдағы жылы Департамент басшысы аудандық, облыстық мәслихат төралығымен және Алматы облысының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы,    " AMANAT " Партиясы ҚБ Алматы облыстық филиалы төрағасымен «САПАЛЫ ӨНІМ» жобасын жүзеге асыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумды бекітті. 

Сапасыз және қауіпсіз емес тауарларды анықтау бойынша 2024 жылы тауарларға сараптама жұмысы жүргізілді. Сараптама қорытындысы бойынша кемшіліктер анықталған жоқ.

Ағымдағы жылы Алматы облыстық мәслихат отырысында және облыс әкімдігі аппаратық кеңесінде Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және «Сапалы өнім» жобасы туралы ақпарат ұсынылатын болады.

Другие новости

Қонаев в розовом

Қонаев в розовом

В городе Қонаев прошла акция в поддержку всемирног...

  18.10.2025   124
Общая ответственность за страну

Общая ответственность за страну

До Дня Республики остаются считанные дни, и в возд...

  17.10.2025   167
Алматы облысында «Әйел аманаты» атты кәсіпкер әйелдердің кездесуі өтті

Алматы облысында «Әйел аманаты» атты кәсіпкер әйелдердің кездесуі өтті

Іле ауданына қарасты Байкент ауылында 200-ге жуық...

  17.10.2025   234
В Алматинской области прошла встреча женщин-предпринимателей

В Алматинской области прошла встреча женщин-предпринимателей "Әйел аманаты"

В селе Байкент Илийского района собралось около 20...

  17.10.2025   203
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.