Суббота, 17 Октября 2026

«World Cleanup Day»

«World Cleanup Day»

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 27-ші жұлдызында жыл сайынғы бүкіл әлем бойынша «World Cleanup Day» акциясы өтті. Бұл— қоғам табиғи және қоғамдық аумақтарды қоқыстардан тазарту үшін бірігетін күн. Бұл маңызды оқиға қоршаған ортаны таза етуге көмектеседі және табиғатқа қамқорлық пен экологиялық жауапкершіліктің қажеттілігін көрсетеді.  Жоғарыда аталған акцияға Алматы облысы бойынша экология департаментінің басшысы Қ.Байеділовтің басшылығымен Департаменттің барлық қызметкерлері тікелей атсалысып, ұйымдастыру жұмыстарына қатысты. Акцияға қатысқандар арасында этно-мәдени бірлестіктерінің, ақсақалдар кеңесінің, мүшелері, білім беру ұйымдары, аурухана қызметкерлері болды.
Жалпы облыс бойынша 9000- ға жуық тұрғындар қатысып, сонымен қатар, 7000 құрылымдық мекемелердің қызметкерлері белгіленбеген орындардағы шеткі шағын аудандарды 500 тонна қоқыстан тазартты. Тұрмыстық қатты қалдықтар арнайы полигондарға шығарылып, аталған жұмысқа 16 ауыр техника жұмылдырылды. 
Сондай-ақ аталған іс-шараға облыс аумағында кең ауқымда өткен сенбілікке барлығы 20 000- ға жуық халық қатысты.

Алматы облысы бойынша экология департаментінің баспасөз қызметі

Другие новости

Найти свое дело в родном ауле

Найти свое дело в родном ауле

В рамках проекта Jol Tap в Балхашском районе юноши...

  16.10.2026   162
С багажом новых знаний

С багажом новых знаний

Первая его попытка создать собственную видеоигру у...

  16.10.2026   147
Округ с яркой перспективой

Округ с яркой перспективой

Нуринский сельский округ - самый отдаленный в Талг...

  16.10.2026   165
Счастье пахнет свежей выпечкой

Счастье пахнет свежей выпечкой

Ежегодно 16 октября в Казахстане отмечается особен...

  16.10.2026   148
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.