Понедельник, 31 Августа 2026

Ұйғыр ауданындағы Дардамты және Сұңқар ауылдарының көшелеріне 185 жарық шамы орнатылды

Ұйғыр ауданындағы Дардамты және Сұңқар ауылдарының көшелеріне 185 жарық шамы орнатылды

Ауыл тұрғындары үшін маңызды бұл жоба «AMANAT» партиясының Ұйғыр аудандық филиалына түскен өтініштер негізінде жүзеге асырылды.

 

Тұрғындар екі ауылдағы көшелерді жарықтандыру қажеттігін айтып, партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне бірнеше рет жүгінген. 

 

Азаматтардың өтінішін ескерген партия өкілдері бұл мәселені сайлауалды бағдарламаның Жол картасына енгізіп, оны шешу үшін тиісті жұмыстарды бастады.

 

«Ауыл көшелерінің жарықсыз болуы кешкі уақытта тұрғындарға үлкен қиындықтар тудырды. Бұл мәселені шешуге партияның ықпал еткеніне ризамыз. Енді балаларымыз мектептен қауіпсіз оралып, тұрғындар кешкі уақытта көшеде еркін қозғала алады», – деп ауыл тұрғындары қуаныштарымен бөлісті.

 

Жобаның аясында Дардамты ауылының Гагарина және Жамбыл көшелеріне 50 жарық шамы, ал Сұңқар ауылының Райымбек, Әлдешбаев, Әуезов және Даулетбеков көшелеріне 135 жарық шамы орнатылды. Бұл жұмыстарды «Ақсу и СР» мердігер компаниясы толық аяқтады. Жобаның жалпы құны 8,3 млн теңгені құрады.

 

«Қос ауылдың көшелерін жарықтандыру – тұрғындар үшін маңызды мәселе болды. Біз бұл өтінішті ескеріп, Жол картасына енгіздік. Қазір ауыл көшелері жарықтанып, тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасалды. Бұл жұмыстарды «Ақсу и СР» мердігер компаниясы толық аяқтады. Жобаның жалпы құны 8,3 млн теңгені құрады», – деп атап өтті аудандық партия филиалының төрағасы Нұрсұлтан Болатұлы.

 

Айта кету керек, Ұйғыр ауданының басқа ауылдары бойынша да осындай жобалар жалғасып жатыр. 

 

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Другие новости

К зиме готовятся ремонтом

К зиме готовятся ремонтом

К началу нового отопительного сезона котельные пре...

  31.08.2026   78
Семипалатинский испытательный полигон: новая эпоха исследований

Семипалатинский испытательный полигон: новая эпоха исследований

В 2026 году исполняется 35 лет со дня закрытия Сем...

  31.08.2026   102
Закрытие ядерного полигона, или еще один шаг к независимости

Закрытие ядерного полигона, или еще один шаг к независимости

35 лет назад, 29 августа 1991 года, был подписан У...

  28.08.2026   170
35 лет без ядерных испытаний: как изменился Семипалатинский полигон

35 лет без ядерных испытаний: как изменился Семипалатинский полигон

Полигон закрыт уже 35 лет. Казахстан прошел путь о...

  28.08.2026   264
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.