Суббота, 17 Октября 2026

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫНЫҢ АРАСЫНДА IQ BATTLE ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ ӨТТІ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫНЫҢ АРАСЫНДА IQ BATTLE ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ ӨТТІ

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастыруымен «Алматы қаласының жастар ұйымдарының акселераторы» жобасы аясында жастардың білімге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында IQ BATTLE интеллектуалды сайысы ұйымдастырылды.

Сайысқа Алматы қаласының жастар ұйымдарының мүшелері, еріктілер мен жас ғалымдар арасынан іріктелген 15 топ қатысты. Қатысушылар түрлі бағыттағы интеллектуалды тапсырмаларды орындап, логикалық және шығармашылық қабілеттерін сынауға мүмкіндік алды.

Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

I орын – «ЧАТ GPT» тобы, жүлде қоры 70 000 теңге;

II орын – «Жас ғалымдар» тобы, жүлде қоры 50 000 теңге;

III орын – «Отыз бес» тобы, жүлде қоры 30 000 теңге.

Бұл шара жастардың білімге, интеллектуалдық дамуға деген қызығушылығын арттыруға және болашақта осындай жобалар арқылы олардың әлеуетін одан әрі дамытуға септігін тигізеді.

«Алматы студенттер Альянсы» КҚ атқарушы директоры Қуандық Жасұлан Бостандықұлы жеңімпаздарды құттықтап, өз алғысын білдірді:

«Алматы қаласының белсенді, жалынды жастары бүгін баршаңызды интеллектуалды ойында көріп отырғаныма қуаныштымыз. Жастар ұйымдары акселераторы жобасы Алматы қаласы әкімдігі Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл жоба биылғы жылы әртүрлі деңгейдегі оқыту шараларымен қоса жастар ұйымдарының басын біріктіретін интеллектуалды ойындарды да қосып отыр, яғни бұл сіздердің бір-бірлеріңізбен жақын танысуға, өздеріңіздің логикалық қабілеттеріңізді дамытуға үлкен мүмкіндік береді деп ойлаймын. Барша қатысқан жастарға алғысымызды білдіреміз!» 

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп жатқан бұл шара жастар саясаты саласының дамуына стратегиялық қадамдарын әзірлеп, сапалы және нәтижелі топтық талқылауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Другие новости

Найти свое дело в родном ауле

Найти свое дело в родном ауле

В рамках проекта Jol Tap в Балхашском районе юноши...

  16.10.2026   120
С багажом новых знаний

С багажом новых знаний

Первая его попытка создать собственную видеоигру у...

  16.10.2026   103
Округ с яркой перспективой

Округ с яркой перспективой

Нуринский сельский округ - самый отдаленный в Талг...

  16.10.2026   123
Счастье пахнет свежей выпечкой

Счастье пахнет свежей выпечкой

Ежегодно 16 октября в Казахстане отмечается особен...

  16.10.2026   107
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.