Суббота, 17 Октября 2026

Бүгін Алатау қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Бүгін Алатау қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Іс-шараның басты мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, халықты тазалыққа шақыру және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін талқылау.Дөңгелек үстелге Алатау қаласы әкімінің орынбасары Гүлбану Сейткенқызы, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ардагер Өркенұлы, қалалық мәслихат төрағасы Роза Михайлқызы, Аналар кеңесі, Жастар және қоғам белсенділері қатысты.Кездесу барысында қатысушылар қаланың экологиялық ахуалы, тазалықты сақтау, қоғамдық орындарды күтіп ұстау және экологиялық жауапкершілік мәселелерін қозғады. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, экологиялық мәдениетті дамыту және қаланы көркейту шаралары қарастырылды.«Қоршаған ортаның тазалығы – әрбір тұрғынның жауапкершілігі. Біздің мақсатымыз – қаламызды таза әрі жайлы ету үшін қоғамды біріктіру. Әр азамат өз ауласын, көшесін таза ұстаса, бүкіл қала экологиялық тұрғыдан жақсарады», – деді Алатау қаласы әкімінің орынбасары Гүлбану Сейткенқызы.Дөңгелек үстел соңында қатысушылар қала тұрғындарын табиғатты қорғауға, көшелер мен аулаларды таза ұстауға шақырып, өз ұсыныстарын ортаға салды. Іс-шараның қорытындысы ретінде экологиялық акциялар мен сенбіліктер ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

 Анықтама үшін:

«Таза Қазақстан» акциясы еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған республикалық бастама. Акция аясында түрлі экологиялық іс-шаралар, сенбіліктер, ағаш отырғызу және тазалықты насихаттау жұмыстары жүргізіледі.

Другие новости

Найти свое дело в родном ауле

Найти свое дело в родном ауле

В рамках проекта Jol Tap в Балхашском районе юноши...

  16.10.2026   119
С багажом новых знаний

С багажом новых знаний

Первая его попытка создать собственную видеоигру у...

  16.10.2026   102
Округ с яркой перспективой

Округ с яркой перспективой

Нуринский сельский округ - самый отдаленный в Талг...

  16.10.2026   120
Счастье пахнет свежей выпечкой

Счастье пахнет свежей выпечкой

Ежегодно 16 октября в Казахстане отмечается особен...

  16.10.2026   105
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.